ҰБТ өткізу мерзімі өзгеріссіз қалды

(0 Votes)

Қазіргі уақытта Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу мерзімі өзгеріссіз қалып отыр.

Түлектер Ұлттық тестілеу орталығының сайтында орналастырылған дайындық тестілерін тегін пайдалана алады. Әр пән бойынша тестілеудің 70 нұсқасы ұсынылған.Білім және ғылым министрі де ҰБТ тапсыру мерзімін өзгертуге ешқандай негіз жоқ екенін айтып отыр. Пандемия жағдайы маусым аяғына дейін дұрысталса, дәстүрлі режимде өткізіледі.

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты 1 сәуірден бастап барлық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жұмыстары тоқтатылған болатын. Осыған орай, біз аудандағы балабақшалар ұжымдарына 3 бағытты ұсындық: тәрбиешілер, әдіскерлеріне, басқа да қызметкерлерге еңбек демалысын рәсімдеу, ақысыз күн алу немесе мекемеде қабылданған ұжымдық келісмшарт бойынша еңбекақысын төлеу. Осыған сәйкес қызметкерлер өз таңдауын жасады. Алайда, олардың арасында зейнетақы қорына барып әлеуметтік көмекті рәсімдеуге жүгінгендер бар екен. Табысынан айырылмағандықтан бұл қызметкерлер құжаттарын кері қайтарып алулары қажеттігін ескертемін, - дейді аудандық білім бөлімінің басшысы Г.Құбаева.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521