ҰБТ-ға Азғыр өңірі бойынша 54 түлек қатысады

(0 Votes)

Мектеп қабырғасынан түлеп ұшқан шәкірттердің алдында үлкен өмір жолы, бағындырар белестері көп болса, алғашқы сатысы ұлттық бірыңғай тестілеудің де өтетін кезеңі жақындап келеді.

Құрманғазы ауданы Абай жалпы орта мектебі базасында 22-26 маусым аралығында өтетін ҰБТ-ге Азғыр өңірі бойынша 54 түлек қатысқалы отыр. Елімізде болып жатырған төтенше жағдайға байланысты 54 түлектің ата-аналары Сүйіндік ауылдық мәдениет үйінен онлайн арқылы балаларының тесті тапсыру сәтін толықтай бақылай алады. Тесті өтетін 12 аудиториямен байланыс жақсы орнатылған. Жердің шалғайлығын , төтенше жағдайды ескеріп, осындай шараны ұйымдастырып отырған Құрманғазы аудандық білім бөліміне және Сүйіндік ауылдық округ әкіміне алғысымызды білдіреміз.

С, Нурмуханбетова,

Сүйіндік жалпы орта мекетебінің директордың тәрбие ісінің орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521