banerkzbig

«Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ»

(1 Vote)

Қарашаның 4-і күні аудандық оқушылар үйінің ұйымдастыруымен «Жемқорлық - құқық бұзушылық картасы» тақырыбында жобалар байқауы өтті.

Әр мектептен 9-11 сынып оқушылары сыбайлас жемқорлық фактілеріне зерттеу жүргізді. М.В.Ломоносов жалпы орта мектебінен тарих пәнінің мұғалімі Б.А.Бимагановтың жетекшілігімен қатысқан 9-сынып оқушысы Набиева Рустина ІІІ жүлделі ор¬ынмен марапатталды. Жоба барысында оқушы өзінің зерттеу жұмысын ұсынып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес үздіксіз жүріп отыру керектігін айтып, мемлекеттік органдар халықпен тығыз жұмыс жасаса, болашағымызда бұл дерттен де құтылатынымыз айқын. Жастар, яғни біздер, сабағымызды жақсы оқысақ, білімді болсақ, келешекте ешқандай параның көмегінсіз барлық биіктерді өз білімімізбен, өз ақылымызбен бағындыра алатынымызға сенімді екендігін жеткізді.

Аталмыш жоба сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасай білуді, ол туралы қосымша мәлімет тануды мақсат етті. Қазіргі таңда жастар қоғамын сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттап, алдын-ала құқық бұзушылықтан сақтандыру - өзекті мәселе. Осындай іс-шаралардың әсерінен жасөспірім болашақта көп нәрсені ескереді деген үміттеміз.

Қ.С.Қыдыршаева М.В.Ломоносов жалпы орта мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары

COVID 19

covid

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Күнтізбе

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21