«Біздің мектепте қашықтықтан оқыту қалай ұйымдастырылды?»

(0 Votes)

М.В.Ломоносов атындағы жалпы орта мектебінің барлық пән мұғалімдері қашықтықтан оқыту бойынша сынама сабақ жүргізіп, балалардың жүйеге қалай қосылғанын тексерді.

Ұстаздар сабақтарына үлкен жауапкершілікпен дайындалғаны байқалды. Онлайн сабақтар Zoom платформасы арқылы өткізілді, ал ұсыныс-пікірлері Zoom және WhatsApp бағдарламаларында ұйымдастырылған чаттар арқылы жіберілді.

Ата-аналар да балаларының барлық жағдайын жасап,әсіресе бастауыш сынып оқушыларының ата-аналары қасында бірге отырып,сабағына кедергі келтірмей жақсы қолдау көрсетті.

Пән мұғалімдері сабақтарында көрнекі құралдарын пайдаланып, көптілді білім платформасы Bilimland.kz сайтымен сабақтарын түрлендіре өткізді. Бұл мектеп бағдарламасының негізінде жасалған ресурстар оқушылардың өздігінен жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін қызықты оқыту құралы болып табылады.

Bilimland сабақтарын жаңа тақырыпты түсіндіру барысында презентациялық материал ретінде қолданылды. Оқушыларымыз Bilimland.kz ресурстарының көмегімен жаңа тақырыппен өз беттерінше танысып, мұғалімімен бірге оны талқылауға бөлісті.

Оқушылардың сабаққа қатысы белсенді болды.Сабақ соңында жағымды кері байланыстар көп болды.Ата-аналардың пікірінше, Zoom платформасымен жұмыс жасау тиімді екенін білдіртті.

Қашықтықтан оқыту процесін оңтайлы ұйымдастыру үшін ата-аналарға бірнеше практикалық кеңестер ұсынамыз:

1. Бұл жағдайда балаларыңызбен диалог пен достық қарым-қатынас орнату маңызды.

2. Күнделікті тәртіпті сақтау өте маңызды: тәртіптің кенеттен өзгеруі шамадан тыс күйзеліс пен стреске әкелуі мүмкін.

3. Оқу орнын ұйымдастыру (бұл сабаққа арнайы бөлінген орын болуы керек).

4. Мұғалім ұсынған форматтағы қашықтықтан оқытуға баланы уақытылы қосу.
5. Тапсырмаларды орындау және мұғалімге кез келген қолжетімді мессенджерден тексеруге жіберу (өз бетінше тапсырмаларды орындау кезінде қолдан келген көмекті көрсетуге болады: сұрақтарға ауызша жауаптарды тексеру, оқыған мәтінді тыңдау, мәтінді айтып жаздыру және т. б.)

6. Әр күннің соңында балаңызбен күннің қалай өткенін талқылаңыз. Ертеңгіге жоспар құрыңыз. Даулы жағдайларда шешімдерді бірге іздеңіз. Үнемі қолдау көрсетіп отырыңыз.

Егер балаңызда қиындық туындаса, онда әрдайым сынып жетекшісі мен мектеп мамандарының көмегіне сене аласыз. Ата — аналардың оқу мен тәрбие үрдісіндегі ынтымақтастық пен бірлескен жұмысы жан — жақты болса ғана жемісті болады.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер олардың ең басты үлгі болар бейнесі екенімізді ұмытпайық!

Қ.Қыдыршаева,

М.В.Ломоносов атындағы жалпы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521