banerkzbig

«Біз өмірді сүйеміз!»

(0 Votes)

Зейнолла Серікқалиұлы атындағы мектеп-интернатында мүмкіндігі шектеулі жандардың мерекесіне орай С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері мен түзеу сыныбының мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Біз өмірді сүйеміз!» атты шара өтті.

Мектеп директоры Қабдрахим Сүлейменұлы мерекелік тілегін білдіріп, ерекше балаларға үзбей демеушілік көрсетіп келетін Е.Халенов, А.Хабибуллин, Г.Қапизова, С.Сұлтанов, Т.Шарипов, Б.Майхиева, Р.Әліқалиев сынды кәсіпкерлерге алғыс хат табыстады.

Кеш қонақтары «Нұр Отан» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Өмірболат Есенғазиев, жастар ресурстық орталығының басшысы Наурызбай Бисенғалиев, Құрманғазы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Айнұр Хидуллина, мәдениет үйі директорының орынбасары Бекжан Нұғманов оқушыларға жүрекжарды лебіздерін жеткізіп, сыйлықтарын табыстады.

Аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасы тамашаланды. Оқушылар үйі драма үйірмесінің аниматор мүшелері балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Соңында мерекелік дастархан әзірленді.

Г.Қартжанова,

әлеуметтік педагог

COVID 19

covid

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Күнтізбе

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21