Биыл 1-сыныптар үшін сабақ жаңа форматта басталады

(0 Votes)

Қазақстанда 1-сыныптарды оқытудың «сатылы» режимі болады. Мысалы, қыркүйек айында 1- сынып сабақтары 35 минуттан өтеді.

«Қыркүйекте үш сабақ 35 минуттан өтеді. Қазан айынан бастап дене шынықтыру және көзге арналған гимнастика қосылып, сабақтың әрқайсысы 45 минуттан болады»,- деді Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұрын бірінші сынып оқушыларының сабағы әрқайсысы 40 минуттан болатын еді.

Сонымен қатар бірінші сыныптарда көркем еңбек сабағы "Еңбекке баулу" және "Бейнелеу өнері" деген екі пәнге бөлінеді. 1-сыныпта оқу жылының ұзақтығы 35 оқу аптасынан тұрады.

«Қазақ тілінде оқытатын мектептерде "Әліппе" және "Ана тілі" пәндері, қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде "Букварь" и "Обучение грамоте", "Казахский язык" пәндері оқытылады», - деді Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

1-сыныпта оқушыларға баға қойылмайды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT