Ломоносов атындағы орта мектепте мұғалімдер мен ата-аналардың бірлескен жиналысы өтті.
Басқосуда аудандық білім бөлімінің басшысы Г.Құбаева «Ата–ана өз ұрпағының айнасы» тақырыбындағы жобамен таныстырып, отбасылық тәрбиедегі ата-ананың ролі, баламен арадағы жылы қарым-қатынас, өмірлік көзқарастардың бірлігі, жоғары педагогикалық мәдениет туралы кең түсінік берді.
Аудандық ювеналды полиция тобының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік аға полиция инспекторы Ж.Бектеміров оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында құқық бұзушылық және қылмыстық белгілердің түрлері, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерін туралы сұхбат жүргізді. Қамқорлық кеңесінің төрайымы А.Иманғалиева «Ата-аналардың балалар тәрбиесіндегі жауапкершілігі» туралы сөз қозғады.
Мектеп директоры Т.Ажғалиева жиналысты қорытындылап, оқушылардың күнделікті сабақтан себепсіз қалмауы, мектептен тыс уақыттағы бос уақыттарын тиімді пайдалануы, қауіпсіздігін қамтамасыз етуі, қадағалануы сияқты қажетті ескертпелерді қайтадана қаперге берді.
Қ.ҚЫДЫРШАЕВА,
мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары