Білім додасында дараланғандар

(0 Votes)

Бегәлиев атындағы жалпы орта мектепте республикалық олимпиаданың ІІ кезеңінде жеңіске жеткен оқушыларды марапаттау шарасы ұйымдастырылды.

Алдымен жалпы білім беретін 16 пән бойынша ІІІ орын алған 135 жүлдегерге дипломды аудандық білім бөлімінің әдіскері Жетек Шайхиев табыстады.Ал ІІ орын иегерлерін аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Нәйля Хасанова ұлығылады.

img_7670

img_7669

Қорытындылау шарасында құттықтау сөз алған аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлфара Құбаева: - Әуезов атындағы жалпы орта мектепте өткен аудандық олимпиадаға 801 оқушы қатысты. Оның 330-ы яғни 40 %-дан астамы І айналымнан өте алмады. Білім додасын жоғары деңгейде ұйымдастырған аталмыш мектеп басшылығына үлкен ризашылығымды білдіремін. 9-11 сыныптар бойынша І орын алған 39 оқушы республикалық олимпиаданың ІІІ кезеңіне қатысуға мүмкіндік алып отыр, - дей келе, білім бәсекесінің жетістіктері мен кемшін кеткен тұстарын алға тартты.

img_7680

img_7692

img_7697

4,8,9,10,11 сыныптар арасында жеңіс тұғырынан көрінген 51 оқушыға І орынның дипломын ұсынды.

img_7702

img_7703

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521