Білім берудің жаңа сапасы-жарқын болашағымыздың кепілі

(0 Votes)

Сүйіндік жалпы орта мектебінде бастауыш сыныптар арасында «Білім берудің жаңа сапасы-жарқын болашағымыздың кепілі» атты семинар болып өтті.

Семинардың мақсаты бастауыш сыныптарда жаңартылған білім беру бағдарламасының оқыту әдістерін пайдалана отырып, оқушылардың тілдік сауаттылығы мен сыни ойлау дағдыларын дамыту, өзін-өзі басқаруға үйрету, өз бетімен ізденуге дағдыландыру. Осы семинарға Азғыр, Жалғызапан, Батырбек бастауыш сынып мұғалімдері және Сүйіндік бөбек жай балабақша меңгерушілері келді.

s8j3nd3k

Семинардың ашылуын мектеп директоры Меңсұлу Темірханқызы бастауыш сынып мұғалімдер арасында оқытудың жаңа әдістерін қолдануды жетілдіру арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында алдыңғы қатарлы озат ұстаздарының іс-тәжірибелерін ортаға салмақ ниетте ұйымдастырылып жатқанын айтты.

img-20200220-wa0066

Семинарды мектеп психологы Алтынғаным Қадырқызы психологиялық тренингпен бастады. Содан соң бастауыш сыныпта өткізілген «Х дыбысы мен әрпі» 1б-сыныбында ашық сабағы Гулнар Жеңісқызының семинарға қатысушылардың көңілдеріне жылы сезім ұялата білді.

Балболсын Өтегенқызының 1а-сыныбында «Озық ойлы оқушы» танымдық сайысы және «Кіші ғылыми жобалар жазуға үйрету» 1-4 сынып оқушыларымен ғылыми жобаларын тыңдауы, Камшат Ерболатқызы мен Нүргүл Ғизатқызының «Олап өспеген бала, ойнап өспейді», 1в- сыныбында өткізген қуыршақ театрынан көрінісі, Нүргүл Мұстахимқызының «Еңбек етсең ерінбей» 3а-сыныбында тәрбие шарасы, Самал Ғинятоллақызының «Қасиетті қара өлеңнің Құлагері» 1-4 сынып оқушылардың арасында Мұқағали өлеңдерін мәнерлеп оқуда, Майжан Ғабитқызы мен Жаңылсын Хабиболлақызының ұйымдастырумен 1-4 сыныптар арасында «Еліміздің болашағы –білімді ұрпақ» оқушылардың шығармашылығын тамашалады, «Теңдік және теңсіздік.

img-20200220-wa0011

Санды және әріпті өрнектер» 2а-сыныбында математикадан өткізілген Дархан Абуханқызының ашық сабағы тыңдаушылардың көңілдерінен шыға білді. «Абай мұрасы-халық қазынасы» 4аб-сынып оқушыларымен Эльмира Серікқабылқызының өткізген Абай тағылымы өлеңдері мен көріністері жоғары бағаланды. Сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ата-аналарымен 2а-сыныбында Аида Маратқызының өткізген «Толағай отбасылық» сайысы мектептегі ата-анамен байланыстың бір көрінісі болды. Семинар соңында оқу ісінің меңгерушісі Айнагүл Жасқайратқызы «Алты қалпақ» бойынша ұстаздарға кері байланыс өткізіп, өз ойларын ортаға салуға мүмкіндік берді.

njkf5fq-c8qy

Семинардың соңында мектеп директоры Меңсұлу Темірханқызы өткізілген ашық сабақтар, тәрбие шаралар, басқа да сайыстарды қорытындылап, ұстаздарымызға шығармашылық ізденістің алар орны ерекше екенін айтып қорытындылады.

img-20200220-wa0098

Хасантаев Бауыржан,

Сүйіндік жалпы орта мектебінің педагог-ұйымдастырушысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521