Білім беру қызметін лицензиялау бойынша жыл басынан бері 365 өтініш келіп түскен

(0 Votes)

Ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығында облыстың 12 білім беру ұйымы мемлекеттік аттестаттау тізіміне енді, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл туралы онлайн брифинг барысында Атырау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысы Гүлназ Сүлейменова мәлім етті.

"Ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығында облыстың 20 білім беру ұйымы профилактикалық бақылау жүргізудің тізіміне енді. Қазан айынан бастап 8 мектепке бақылау жүргізілді. Жыл басынан бері 10 әкімшілік және өзге мемлекеттік органдардан ұсынылған материалдар бойынша 5 әкімшілік іс қозғалды. Білім беру қызметін лицензиялау бойынша қаңтар-қазан айлары аралығында «Е-лицензиялау» мәліметтер базасына 365 өтініш келіп түсті. 313 өтініш қанағаттандырылды, 52 өтініштен бас тартылды" деді спикер Гүлназ Сүлейменова.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521