«BALA FEST» фестивалі

(0 Votes)

Оқырмандардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру және оларға қолдау көрсету, облыстағы өзге балалар кітапханаларымен байланысты нығайту мақсатында Атырау облыстық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Бала, бала, болашақ» BALA FEST фестивалі өткен болатын. Оған аудандық балалар кітапханасының кішкентай оқырмандары қатысып, өздерінің шығармашылықтарын көрсете білді.

Фестивальдің «Еркін жанр» номинациясы бойынша «Бала арманы» («Менің арманым») эссе байқауында жоғары нәтиже көрсетіп, үшінші орынға ие болған Тоқтар Назерке, және «Балалар қылқаламынан» сурет сайысына қатысқан Данияр Құспанәлі, «Кітап оқу» номинациясы бойынша «Мен және менің кітап әлемім» фото-сурет сайысына қатысқан Аянат Гарипулла, «Әрқашан күн сөнбесін» ән байқауына қатысқан Аружан Құспанәлі облыстық балалар кітапханасының басшысы П.Утеуғалиеваның диплом және алғыс хаттарына ие болды.

Жанаргүл Жасқайырқызы,
аудандық орталықтандырылған
кітапхана жүйесінің әдіскері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521