Білім министрлігі қашықтықтан оқыту кезінде үй тапсырмасын беру орынсыз деп санайды

(0 Votes)

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қашықтықтан оқыту мен дәстүрлі оқыту форматындағы үй тапсырмасының айырмашылығын түсіндірді, деп хабарлайды https://kaz.zakon.kz

-Бала дәстүрлі форматта сыныпта, мектепте оқитыны анық, оған сабақ барысында белгілі бір сабақтар беріледі. Ол оларды орындап, мұғалімнің сұрақтарына жауап береді, сабақ процесі осылай болып келеді. Содан кейін мектепте өткенді үйде қайталау үшін қосымша тапсырмалар беріледі, - деді Асхат Аймағамбетов ОКҚ-дағы брифингте.

Оның ойынша, қашықтықтан оқыту форматында үй тапсырмасын беру орынсыз, өйткені оқушы онсыз да үйінде өз бетінше оқиды.

- Бала қашықтықтан білім алса, ол онсыз да өз үйінде білім алады. Оған үйден орындайтын оқу тапсырмаларын бөлек, тіпті екі еселеп беру орынсыз. Сондықтан балаларға артық салмақ түсірмес үшін біз арнайы нұсқаулық әзірледік. Біз бұл арада оқу тапсырмасы мен үй тапсырмасы деп бөлуге болмайтындығын айтып жатырмыз, - деп түсіндірді Білім және ғылым министрі.

Бұған дейін Білім және ғылым министрлігі қашықтықтан оқыту кезінде үй тапсырмасының күші жойылатынын мәлімдеген.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521