Бүгінгі жас буын – біздің ертеңгі үмітіміз, сенімді тірегіміз!

(0 Votes)

Бүгінде біздің өміріміздің барлық саласы – білім беру, жұмыс, отбасы, тіпті бір-бірімізбен қалай сөйлесетінімізге дейін елеулі өзгеріске ұшырап отыр.

Осының бәрі әрбір адамның даму траекториясына және тұтастай алғанда, бүкіл әлемге түбегейлі ықпал етеді.Көз алдымызда цифрлы қоғамы мен білім экономикасы бар жаңа жаһандық өркениет туып келеді.Біздің ел уақыттың осы талаптарына сай болуы тиіс. Сондықтан қабылданып жатқан барлық күш-жігер елді болашақ серпіліске әзір болуды  және қуатты Қазақстанды құруға бағытталған. Осы бағытта айта кету керек, Жастар – еліміздің қазіргі әлемдегі бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторы. Қазақстанның болашағы сіздерге – сіздердің білімдеріңізге, энергияларыңыз бен патриотизмдеріңізге байланысты. Осы орайда жастарға, соның ішінде ауыл жастарына керемет мүмкіндік IQanat қоры жөнінде айта кетсем деймін. IQanat қоры ҚР Білім Министрлігінің қолдауымен жұмыс істейді.

IQanat олимпиадасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2021 жылғы 25 мамырдағы № 232 бұйрығымен ұсынылатын пәндік олимпиадалар қатарына енгізілген. Қордың барлық жобалары қамқоршылардың қолдауы арқасында жүзеге асуда. Қордың басты мақсаты -Қазақстандағы ауылдық мектеп оқушыларына олардың таланттарын ашуға және лайықты білім алу мүмкіндіктерін табуға көмектесу. Осы мүмкіндікті қалт жібермей, өз білімін сынға алған өзімнің бір шәкіртім Рахметова Аяжан Дамирқызы жайында айтқым келеді.

01a756df-ac3a-4d5f-a055-d369de1c3c0f

Алғашқы еңбек жолымды С. Мұқанов атындағы орта мектепте қызмет етіп бастаған едім. Ол 2013-2018 жылдар аралығы. Аяжан менің жетекшілік еткен үшінші сыныбымның оқушысы болатын. 2015-2016 оқу жылында 5-сыныпқа келген еркелігі мен балалығы қатар тұрған жәудіреген көздерімен алдымда 15 оқушы отырған болатын. Дәл осы сыныпқа 3жыл жетекшілік етіп, кейін аудан мектебіне қызмет ауыстырған едім. Аяжан менің осы шәкірттерімнің бірі, сол кезде-ақ ерекше білімге құштар екендігін байқатса, қазір міне белгілі бір жетістікке қол жеткізіп отыр. 8-сынып оқып жүріп(2021-22 оқу жылы)мектепте IQANAT олимпиадасының аудандық  кезеңі өткен. 1 кезеңнен өтіп, 2 облыстық кезеңге жолдама алды.Жаратылыстану пәндері бойынша тест тапсырып,тест нәтижесі бойынша жеңімпаз атанып,  үшінші Республикалық кезеңге өтті.3 кезең Алматы облысында Қапшағай қаласындағы "Балдәурен" лагерінде өтетіні хабарланған еді. Қапшағайға барудағы басты мақсаты IQANAT HIGH SCHOOL OF BURABAI -ға түсу болды. Атырау қаласы бойынша 27 оқушы болса, Республика бойынша 4500 оқушы олимпиадаға қатысып, одан 700 оқушы республикалық кезеңге өткен. Аяжанның өзіне деген сенімі арта түсті. Ол кезеңдерден сүрінбей өтіп,тесттің қортындысы бойынша 300 оқушы IQHSB мектебіне оқуға түсуге тест тапсырып, Аяжан 300 оқушының қатарынан табылып, IQHSB мектебіне қабылданды. Сонымен қатар IQIP бағдарламасына қосылып, математика және ағылшын пәндерін онлайн түрде оқу мүмкіндігі де пайда болды.

IQANAT мектебі жапондық үлгіде жасалған жаңа технология бағыттары дамыған мектеп екендігін айта кету керек.Жанам деп тұрған отқа дайын шоқ секілді.  Аталған мектепте 28 маусым күні қортынды тест нәтижесі шығып, IQHSB мектебінде білім алуға жолдама алған 100 оқушы қатарынан Аяжанның да табылатынына сеніммен қарадық. Және Ресми түрде Рахметова Аяжан Дамирқызы енді IQHSB мектебінің оқушысы атанды. Бұл жаңалықты естіген Аяжанның отбасы, ауыл тұрғындары, сыныптастары, білім ордасы барлығы да  қатты қуанышты.

4afa2475-e8ee-4458-a566-b28953df7c76

Аяжанның нағыз қолдаушылары ата-анасы Дамир аға мен Алтынай Намуратовнаны, бауырларын,        С. Мұқанов атындағы мектеп ұжымын,сыныптастарын тағы да құттықтаймын! Еңбектің жемісі - бұл! Даму мүмкіндігі мол Қазақстанның елінде жастарға қашанда қолдау бар екендігіне жас ұрпақты сендіргім келеді.  Шәкірттің жетістігі ұстаз үшін ұмытылмастай қуаныш екенін де ұмытпаған жөн! Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен азаматтарының білімімен өлшенеді демекші, Ғабит Мүсірепов ақын ағамның сөзін тілге тиек етіп, Мен жастарға: «Алдарыңда таудай талап тұр. Өмір заңғарлары үнемі биікке шығарады.Оған жету үшін талмай ізденіңдер!»- дер едім.

 

Битекенова Жанаргуль Утежановна, Мұғалім.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521