Атыраулық мектептер пандемия жағдайындағы жаңа оқу жылына дайын

(0 Votes)

"Жаңа оқу жылы дәстүрлі форматта басталады. Басты талап - санитарлық талаптарды қатаң сақтау болып қала береді" деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жаңа оқу жылына дайындық барысы туралы Атырау облысы білім басқармасының басшысы Сатқан Есенғалиев онлайн брифингте айтты. Спикердің айтуынша, жаңа оқу жылында мектептер 143 мыңнан астам оқушыны қабылдайды.

Аймақ мектептерінде 14 мың мұғалім еңбек етуде. "Мұғалімдер толықтай вакцина алды. Барлық мектептерде дезинфекциялық құралдар сатып алынды. Вакцинация мен санитарлық талаптарды сақтау нормаларымен бірге, мектеп оқушыларын оқулықтармен толықтай қамту мәселесі де бар. Оқулықтарға 1 млрд 667 мың теңге қаржы бөлінді, 15 баспа үйімен келісім жасалды" деп атап өтті спикер.

Еске сала кетелік, білім күніне орай мектептердегі салтанатты жиын биыл бірінші сыныптар үшін ғана өтеді. Оқушыларға салтанатты жағдайда "Әліппе" табысталады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521