banner_damu

Атырауда ұстаздарға құрмет көрсетілді

(0 Votes)

«Аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетовтің қатысуымен ұстаздар күні мерекесіне орай салтанатты жиын өтті»,-деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Өңір басшысы Махамбет Досмұхамбетов ұстаздарды төл мерекелерімен құттықтап, жұмыстарына табыс тіледі.

"Мұғалім – мамандық болса, ұстаздық – ізгі қасиет. Ендеше, осынау терең ұғымды қасиетті қызметке еңбегін, саналы ғұмырын арнаған ұстаздар қандай құрметке де лайық»,-деді М.Досмұхамбетов.

Іс-шара барысында білім саласында елеулі еңбектері бар бір топ ұстаз марапатталды. Бибігүл Тасимова «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен, Айғаным Өтебай, Аниса Оңғаралиева, Бағила Некесова, Нұргүл Макарова «Ыбырай Алтынсарин» атындағы төсбелгімен, бірқатар педагогтар «Еңбек ардагері», «Атырау облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгілерімен және облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Салтанатты іс-шарада театрланған көрініс қойылып, арнайы дайындалған бейнеролик көрсетіліп, іс-шара концерттік бағдарламаға ұласты.

Айта кетейік, бүгінде облыста 198 мектеп, 331 мектепке дейінгі білім беру ұйымы бар. 137 751 оқушы мен 34 046 бүлдіршінге 17 415 педагог білім-тәрбие беруде.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Сауалнама

Вакцинаға көзқарасыңыз қандай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика