Ағымдағы жылдың 9–13 желтоқсан күндері Астана қаласында ауыл мектептері арасында республикалық олимпиада өтті.
Қазақстан тарихы пәнінен Шортанбай жалпы орта мектебінің 11-сынып оқушысы Мирман Нұрхан ҚР Оқу-ағарту министрі Ж. Сүлейменованың ІІІ дәрежелі дипломына ие болды.
Жетекшісі: тарих пәнінің мұғалімі Байшова Гүлнара Оразғалиқызы.
Бұл жетістік — білім алушының табанды еңбегінің, жоғары жауапкершілігінің және де ұстаз еңбегінің жемісі.
Нұрханға алдағы оқу жолында табыс, тың жетістіктер мен асқақ асулар тілейміз!
Шортанбай жалпы орта мектебінің дарынды оқушылары әрдайым жеңіс тұғырынан көріне берсін!
Құттықтаймыз!
Шортанбай ауылдық округ әкімі аппараты ММ


