Ардың ісі

(0 Votes)

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тапсырмасына сәйкес оқушылардың бойында әділдік және адалдық құндылықтарын тәрбиелеу мақсатында Ломоносов атындағы жалпы орта мектепте жалпыреспубликалық бірыңғай адалдық сағаты өтті.

Оның аясында «Адалдық дүкені», «Адал ұрпақ» ерікті клуб мүшелерінің театрландырылған көрінісі, «Жемқорлықсыз болашақ» суреттер байқауы жүзеге асып, «Парасатты азамат» бұрышында халқына абыройлы қызмет еткен, елінің мақтанышына айналған тұлғалар таныстырылды.

«Адалдық пен әділдік» атты сыр-сұхбат кешінде округ әкімінің кеңесшісімен кездесу ұйымдастырылды.

Қ.Қыдыршаева,

Ломоносов атындағы жалпы орта мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521