Дарын республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2022-2023 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының қорытынды кезеңін толық нәтижелеу үшін 100 үздік олимпиадалық мектептің рейтингін жасады.
Атырау облысы бойынша «Қазақстанның 100 үздік олимпиада мектептері» қатарына 3 білім беру ұйымы енді. Олар: «Білім Инновация» лицей-интернаты (3 орын), облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназия (40 орын), Құрманғазы ауданы, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп (98 орын). Рейтинг формула бойынша шығарылған, мұнда алтын медаль 3 ұпаймен, күміс медаль 2 және қола медаль 1 ұпаймен бағаланады.
- Ең алдымен, бұл рейтинг – зияткерлік сайыста табысқа жетуге бар күш-жігерін салған мектеп оқушыларының, олардың ұстаздарының жұмыла жасаған еңбегінің жемісі. Оқушылардың білім сапасын арттыру, ұстаздардың кәсіби деңгейін жетілдіру, функционалды сауаттылық, ұлттық құндылықтар мен оқушыларды қайырымдылыққа тәрбиелеу – біздің басты мақсатымыз. Республикалық пәндік олимпиада жеңімпазының тұрақты шығуы, республикалық, халықаралық ғылыми жоба жүлдегерлері және ҰБТ-дан жоғары ұпай жинаған Мағжанның жетістігі – осының барлығы үздіктер қатарынан табылуымызға сеп болды. Сондықтан, абыройымыз артып, беделіміз асқақтай берсін – дейді мектеп директоры Алтын Қаменова.
Айнагүл Шакупова