Атырау облысы оқушылары арасында «Таланттарды анықтау және қолдау орталығының» ұйымдастыруымен «Инновациялық идеялар – 2025» әлеуметтік жобалар байқауы өткізілді. Мақсаты – жас таланттарды қолдап, олардың ғылыми-зерттеу мен әлеуметтік маңызды идеяларға қызығушылығын арттыру.
Байқау «Жас өнертапқыш» - электронды құрылғылар, мобильді қосымшалар; «Robo world» - ақылды құрылғылар мен роботтар, «Eco-Life» - экологиялық жобалар мен зерттеу жұмыстары, «Бизнес-Time» кәсіпкерлік бастамалар сынды 4 бағыт бойынша өтті. Атырау қаласы мен облысқа қарасты жеті ауданның оқушылары арасында өткен додада Құрманғазы ауданы, Ақкөл жалпы орта мектебінің 9 сынып оқушысы Алия Қисмет «Бизнес-Time» бизнес жәрмеңкесі номинациясы бойынша жүлделі ІІІ орынды жеңіп алып, 200 000 теңгенің сертификатын иеленді. Жетекшісі – Ақтоты Мәдиева.
Айнагүл Күнұзаққызы