«Адалдық-адамдық борышың»

(0 Votes)

Д.Нұрпейсова атындағы балалар өнер мектебінде «Адалдық-адамдық борышың» тақырыбында ата-аналармен біріккен тренинг өткізілді.

Тренингтің негізгі мақсаты- сыбайлас жемқорлыққа әкеп соғатын, оған себепші болып отырған негізгі күштермен күрес, алдын-алу шараларын ұйымдастыру әр адамның өзінен бастау алатынын ұғындыру.

Ата-аналар қоғам дерті «Сыбайлас жемқорлық» тақырыбындағы видеороликті жан-жақты талдау арқылы заң алдындағы жауаптылық, ұрпақ болашағы үшін жасалатын үлкен қадамдарда дұрыс шешім табу жолдары, отбасы тәрбиесінде кейде ата-ана баланың дұрыс жолда тәрбиеленуіне себепкер болса, кей жерде керісінше бала ата-анасын адамдық құндылықтарға тәрбиелуге себепкер болып жататынын, «адамдық», «адалдық» ұғымдарына түйінді ой пікірлерін айтты. Тренинг соңы «Жемқорлыққа жол жоқ!» ұранымен қорытындыланды.

Хамзина Акмарал,

оқу ісі жұмысының орынбасары.

COVID 19

covid

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Күнтізбе

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21