Қабылдау комиссиясының жұмысы жалғасуда

(0 Votes)

Атыраудағы NIS-те 2023-2024 оқу жылына облыстағы жалпы білім беретін мектептердің 6-сынып оқушыларын конкурстық іріктеу негізінде 7-сыныпқа қабылдауға арналған комиссияның жұмысы жалғасуда.

Күні бүгінге дейін 1000-ға жуық оқушы өз құжатын тапсырып үлгерді. Айта кету керек, қабылдау комиссиясына бұрын тәжірибесі бар, құжаттарды қабылдау тәртібін толық меңгерген қызметкерлер құрамы тартылды.
Қабылдау комиссиясының жұмыс кестесі:
Дүйсенбі-жұма сағ. 09:00-18:00, сенбі күні 09:00-13:00. Түскілік үзіліс сағ.12:00-13:00. Жексенбі демалыс!
Сондай-ақ 2022 жылдың 16, 17, 31 желтоқсан күндері және 2023 жылдың 1, 2, 7 қаңтар күндері мерекелік демалыс.
Қажетті құжаттар тізімі:  
1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш (арызды қабылдау комиссиясында толтырады);
2) Ата-ана мен оқушы туралы деректер сауалнамасы (қабылдау комиссиясында толтырады);
3) Үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі, заңды өкілдің ЖСН-і көрсетілген жеке куәлігінің көшірмесі;
4) Үміткердің соңғы оқу жылындағы үлгерімі мен тәртібінің, егер үміткер оқу жылын аяқтамаған жағдайда оқуын жалғастыратын болса, оқу жылының I жарты жылдығындағы үлгерімі мен тәртібі туралы табелінің көшірмесі. Талап етілген құжаттар мектеп басшысының қолымен расталып, тиісті білім беру ұйымының мөрімен бекітілуі керек (Ескерту: құжаттарды 6-сыныптың 1-ші жартыжылдығы аяқталғанға дейін тапсырсаңыз 5-сыныптың табелі қабылданады, 6-сыныптың 1-ші жарты жылдығы аяқталған соң тапсырсаңыз 6-сыныптың 1-ші жартыжылдық табелі қабылданады);
5) Үміткердің графикалық файл түріндегі 1 МБ (мегабайт) кем емес көлемі 3х4 см. цифрлі (электронды) фотосы (қабылдау комиссиясына келіп түсуі міндетті);
6) Барлық құжаттар мұқабасы түссіз 10 беттік файл папкаға салынады.
Құжаттар мынадай жағдайда қабылданбайды:
1) өтінішті конкурстық іріктеуге қатысуға белгіленген мерзімінен кешіктіріп тапсыру;
2) құжаттардың бекітілген тізім бойынша толық болмауы.
Құжаттарды қабылдаудың соңғы күні - 10 қаңтар.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521