Сүйіндік жалпы орта мектебінде гуманитарлық пәндер бойынша мектепшілік «Абай-даналық диқаншысы» тақырыбында әдістемелік семинар болып өтті.
Семинардың мақсаты-Абай шығармашылығын дәріптеу. Семинарды мектеп директоры Меңсұлу Темірханқызы ашып, мұғалімдерге тілегін айтып, сәттілік тіледі. Мектеп психологі Алтын Қадырқызының өткізген тренингтері мұғалімдердің көңілдеріне жайлылық ұялата білді.Айымгүл Амангелдіқызы 8 б сыныбына өткізген баспасөз конференциясы «Абай Құнанбайұлы-ұлыақын» сабағында оқушылардың Абайдың ерекше қырларына деген қызығушылығын арттырып, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану жолдарын көрсете білді.Одан соң «Әдебиет –тек асыл мұратпен, таза ар-намысын кіруге болатын зәулім сарай» -деген ұлылардың сөзі бар. Бұл шын сөз. Оны біз қара әділдікті жақтап, қылды қақ жаратып, әдебиет» өзінің жанындай сүйіп оқып, ізденпаз ұстаз атанған Гүлбаршын Қазимеденқызының Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» повесі бойынша 8 а сыныбында өткізілген оқырмандар конференциясы сабағында шын көзіміз жетті.
Ұзақ жылдар орыс тілі және орыс әдебиетінен сабақ беріп келе жатқан Назым Хажинеденқызы«Гиганты художественного слова» атты 11 а –сыныбында өткізген сабағы семинарға қатысушылардың көңілінен шыға білді. Сондай-ақ «ХХІ ғасыр көшбасшысы » бойынша өткізген Эльза Бақтыбайқызының 7 а,б сыныптарына сайыс түріндегі қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жұмыстары Абай Құнанбайұлы шығармашылығынан оқушылардың білімінің деңгейін көрсетті.
Қазақ тілі және қазақ әдебиет пәнінің тәжірибелі ұстазы Мадина Жауһарқызының «Адамзаттың Абай» атты 10 а,11б оқушыларымен қойылымы көрермендерге жақсы көңіл-күй сыйлады. Абай ауылы,ақының балалық шағы,поэмалары, болыс болдым мінекиөлеңданалық айтар ақылы мен берер тағылымының мол екендігіне көз жеткіздік. Шығармашылық ізденпаз ұстаздардың бірі Алтынай Жәнібекқызының 10 асынып оқушылармен «Әнді сүйсең, менше сүй» атты бастаңғы сабағы өте тартымды өтті. Онда Абайдың «Желсіз түнде жарық ай», «Көзімнің қарасы», «Қараңғы түнде тау қағып» т.б. әндері шырқалды.
Семинардың соңғы бөлімінде оқу ісі жөніндегі және педагог-ұйымдастырушы Айнагүл Жасқайратқызы мен Балболсын Өтегенқызы мұғалімдерге бүгін өткен сабақтар мен сыныптан тыс шараларға кері байланыс беріп, өз пікірлерін берді. Мектеп директоры Меңсұлу Темірханқызы өткізілген ашық сабақтар, ұйымдастырылған басқа да шаралар,қойылған қойылымдарға жақсы деңгейде өткенін айтып, мұндай басқосулардың тәжірибе алмасу үшін таптырмас мүмкіндік екендігін айтып қорытындылады.
Хасантаев Бауыржан,
Сүйіндік жалпы орта мектебінің педагог-ұйымдастырушысы