Абай дана қазақта!

(1 Vote)

Болды қиын жылдар кеткен ұзаққа,

Кедейшілік көрді талай тұсап та.

Қара халық түсті еркінен айырылып

Үстемдік деп аталатын тұзаққа.

Бір жарқ етіп сәуле туды Алашта,

Сөз маржаны төгілді көп параққа.

Өлеңдері өр кеудеге от берер

Абай туды, Абай дана қазақта!

«Абай жолы» - дара жолы алыптың,

Елін барша жер жүзіне танытты.

Қара сөзін зерде салып оқыса

Болашағы зор болады халықтың.

Ұлы дала мақтанышы кемеңгер,

Ұлтыңыздың құрметі жоқ төмендер.

Абай атам есімімен аталған

Мектебімнің ұланымын зияткер.

Құспанәлі Аружан, Абай жалпы орта мектебінің 2-сынып оқушысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT