Абай атындағы мектептің оқушысы сурет байқауының жеңімпазы атанды

(0 Votes)

Аудандық музейдің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай «Ата заңым – айбыным» атты сурет байқауының қорытындылау шарасы өткізілді. Музей меңгерушісі Жазира Хайрошова қош келдіңін айтып, Конституция күнімен құттықтады.

Байқауға қатысушылардың жұмыстарын бағалау үшін кәсіби суретшілерден құралған комиссия мүшелерінің құрамында аудандық зейнеткерлер мен мүгедектерге Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының мұғалімі Шайдолла Ғалиев, Абай атындағы жалпы орта мектебінің сурет пәні мұғалімі Ақназар Теміржан, Аудандық музей маманы Назгүл Шатанова, Д.Ғұмаров атындағы халық театрының режиссері Айжанар Ғапуова болды.

10-12 жас аралығындағы балалар байқауына Абай, Панфилов, Ломоносов, Б.Бегалиев атындағы жалпы орта мектептерінен 8 оқушы қатысты. 4-6 сынып оқушылары өздерінің «Конституция күніне» арнап салған туындыларымен таныстырып, сүретті қалай салғанын және оның мағынасын түсіндіріп өтті.

0bab38ec-adba-44b1-8180-82dc8bf215db

Байқау қорытындысында Абай атындағы жалпы орта мектебінің 6 сынып оқушысы Мансур Артурұлы жеңімпаз атанса, Панфилов атындағы жалпы орта мектебінің 6 сынып оқушысы Дильназ Бақытжанқызы II орын, Ломоносов атындағы жалпы орта мектебінің 5 сынып оқушысы Жансель Ташим және Б.Бегалиев атындағы жалпы орта мектебінің 6 сынып оқушысы Аяулым Бисенбаева III орынды иеленді. Қалған қатысушылар алғыс хатпен марапатталды.

 

Ақмарал Бисембаева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521