Абай атындағы мектепте 116 оқушы бірінші сыныпқа қабылданды

(0 Votes)

Абай атындағы жалпы орта мектептегі салтанатты шара айбынды Әнұранымыздың шырқалуымен ашылды.

Дәстүр бойынша алғашқы құттықтау сөзді алған мектеп директоры Жамал Хасанова:

- Жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын. Былтырғы жылы білім шаңырағынан қияға қанаттарын қаққан 54 түлектің 18-і білім грантын иеленді. Мектепте жаңа оқу жылында 975 оқушы білім алғалы отыр. Биыл бірінші сыныпқа 116 бүлдіршін қабылдануда. Олар 5 сыныпқа бөлінген, - дей келе, жаңа оқу жылының жаңалықтарымен бөлісті.

14c79941-02e0-4552-a0db-9be21fdb61bc

Салтанатты шараға арнайы қатысқан аудан әкімінің міндетін атқарушы Гүлнар Хасанова ұстаздар мен шәкірттерге ізгі тілегін жеткізіп, оларға сәттілік тіледі. Түрлі байқауларға қатысқан ұстаздар мен оқушыларды дипломдармен ұлығылады. Ортаға бүлдіршіндерге Білім кілтін, Әліппе оқулығын, спорт кубогын, Өнер кілтін тапсыруға алтын белгіге үміткерлер Эльвина Әжігерева, Жарқынай Сатыбаева, мектеп спортшысы Әділет Болатов үздік аттестатқа үміткер Нурай Идаят, оларды қабылдап алуға  1 сынып балақайлары   Исабек Мұрат, Айсұлу Бөкенбай, Азат Бисенбай,  Ұлжан Асқарова шақырылды.

6f2ad6f5-2223-4fe2-9257-e2923b9dcf5b

Алдағы оқу жылында білім ошағының ата-аналар, кәсіподақ комитеттерінің демеушілігімен ұйымдастырылатын «Табысты мұғалім», «Белсенді ата-ана», «Жыл оқушысы», «Жыл сыныбы», «Жас ғалым», «Жас әнші», «Жас спортшы», «Жас биші», т.б номинациялардың жүлделері таныстырылды. Алғаш мектеп табалдырығын аттағалы тұрған бүлдіршіндердің әдеби монтажы ұсынылды. Бұдан кейін салтанатты шара шалқыған ән, жүректі тербер жыр жолдарымен жалғасын тапты. 1 сыныпқа келген балақайлар күміс қоңырауды күмбірлете соққаннан кейін, жас балдырғандарды мектепке кіргізу үшін лента қию рәсіміне мектеп директоры Жамал Хасанова мен бүлдіршін Санжар Саламат шақырылды.

Айнагүл Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521