Ж.Нәжімеденов атындағы негізгі орта мектебінде республикалық экологиялық сағат акциясы аясында білім ошағының ауласына 20 түп тал отырғызылды.
Оған педагогикалық ұжым мен оқушылар белсене атсалысты. Мектеп директоры Руслан Хасантаев балаларға аталмыш акцияның мақсаты мен міндетін түсіндірді.
Бұл игі дәстүр алдағы уақытта да жүзеге асатынына сеніміміз мол.
Қамажай Қайырмеденова,
мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары