1-сыныпқа барған атыраулықтардың 80%-ға жуығы қазақша оқиды

(0 Votes)

Бүгін Атырау облысында 15 мың 834 оқушы бірінші сыныпқа барды. Оқушылардың 80 пайызға жуығы мемлекеттік тілде оқуды таңдаған.

Облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айнагүл Дүйсекенованың мәліметінше, бүгін жалпы орта білім беретін 200 мектепте алғашқы қоңырау соғылды.

«Өңір мектептерінде 142 843 оқушы сабаққа барады. Оның ішінде 15 834 оқушы алғаш рет мектеп табалдырығын аттады. Бірінші сыныпқа қабылданған балалар былтырғыдан 600 оқушыға көп. Олардың 80 пайызға жуығы мемлекеттік тілде оқуды таңдады. Оқушыларға 12 424 мұғалім дәріс береді. Өткен жылы мектептерге жұмыс істеуге жаңадан 600 педагог келді. Ал, биыл 1 мыңға жуық педагог жұмысқа қабылданды», - дейді Айнагүл Дүйсекенова.

Оның айтуына қарағанда, 2021-2025 жылдар аралығында жаңадан 48 мектептің жаңа ғимаратын салу жоспарланып отыр. Қазір жаңа 10 мектеп пен 1 мектептің жанынан жапсарлас ғимарат құрылысы басталған.

«Атырау облысында биыл алты мектептің құрылысын жүргізуге республикалық бюджеттен 4 млрд теңге бөлінді. Жаңа нысанның бесеуін Атырау қаласында, тағы біреуін Индер ауданында салу көзделген. Өзге мектептер үшін жер телімін бөлу мәселесі қарастырылып отыр. Жаңа білім ұялары пайдалануға берілген соң қосымша 20 мыңға жуық оқушы мектепке қабылданады. Мектептерде 2 мыңнан аса тұрақты жұмыс орны ашылады», -деп хабарлады Айнагүл Дүйсекенова.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521