Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында жасалған құқық бұзушылықтардың жауапкершлігін қатаңдату туралы Мемлекет басшысының тапсырмасын (2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Қазақстан халқына Жолдауы) орындау мақсатында Ішкі істер министрлігі әкімшілік және қылмыстық кодекстерге бірқатар түзетулер еңгізілді. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын орындау мақсатында тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік күшейтіледі («Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 227-VII ҚРЗ Заңы). Түзетулер 2023 жылғы 1 шілдеден бастап заңды күшіне енеді.
Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске (бұдан әрі ӘҚБтК) енгізілген түзетулер «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасында іске асырылады.
Түзетулер әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жәбірленушілердің арызынсыз қозғауға мүмкіндік береді (яғни тұрмыстық зорлық-зомбылық жасау фактісі бойынша).
ӘҚБтК-нің бірқатар нормаларын өзгертуді қарастыратын Заң жобасында отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында жасалған құқық бұзушылықтар ӘҚБтК-нің 73-бабы (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер), ӘҚБтК-нің 73-1-бабы 1-1 бөлігі (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) және ӘҚБтК-нің 73-2-бабы 1-1 бөлігі (ұрып-соғу) бойынша құқық бұзушылықтар оларды тіркеудің өтінім беру сипатынан анықтау сипатына көшірілді, яғни аталған фактілер орын алған жағдайда жәбірленушінің арызынсыз бірден әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалатын болады.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабының, 73-1-бабының 1-бөлігі, 73-2-бабының 1-бөлігі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қозғау үшін себептер мен негіздер (бұдан әрі – ӘҚБтК):
- уәкілетті лауазымды адамның әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактісін тікелей анықтауы;
- құқық қорғау органдарынан, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдардан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан келіп түскен материалдар;
- жеке және заңды тұлғалардың хабарламалары немесе арыздары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарламалар.
Сонымен қатар тараптарды татуластыру рәсімі күшейтілді, енді бұл сотта бір рет қана мүмкін болады. Құқық бұзушы ӘҚБтК-нің нормаларына сәйкес сотқа келмеген жағдайда, ІІО судьясының ұйғарымы негізінде оны «әкеп жеткізу» жүзеге асырылады Құрманғазы ауданы полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы әйелдерге қатысты жасалған құқық бұзушылықтардың алдын алып, жәбірленуші азаматшаларға ақпараттық, құқықтық және психологиялық көмек түрлерін көрсетеді.
Егер сіз тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырасаңыз, не болмаса туысыңыздың, құрбыңыздың, көршіңіздің зорлық-зомбылыққа ұшырағанына куә болсаңыз «102» жүйесіне немесе Құрманғазы ауданы полиция бөлімінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторына 87758044103 номеріне қоңырау шалып, көмек алуларыңызға болады.
Отбасындағы зорлық-зомбылық - сіздің өміріңізге ғана емес, жақындарыңыздың да өміріне төніп тұрған қатер. Сондықтан зорлық-зомбылық фактісін жасырмаңыз және полицияға дереу хабарласыңыз.