Зорлық-зомбылық қашан тыйылмақ?

(0 Votes)

Аудан әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның кезекті отырысы Zoom платформасы арқылы өткізілді.

Комиссия төрағасы, аудан әкімінің орынбасары Н.Қалиев күн тәртібімен таныстырды. «Отбасында және әйелдер мен балаларға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстар» туралы Жаңаталап ауылдық округі әкімінің  Орлы, Байда, Қиғаш ауылдық округтерінің әкімдері А.Мұфтах, Ж.Төреғалиев, Ж.Жанханов хабарламаларын ұсынды. Мәжіліс барысында аталмыш округтерде орын алған тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес, оның алдын алу мәселелері талқыланды.

Көбіне бұл келеңсіз жағдайдан отбасындағы әйелдер мен балалалар көп зардап шегеді. Тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайларының көпшілігінде ескерту, айыппұл немесе 15 күнге дейін бас бостандығынан шектеу түрінде әкімшілік жаза қолданылады. Бұған көбіне әйеліне қол көтеретін ерлер немқұрайдылық танытады. Себебі, өздерінің жасаған теріс әрекеттері үшін ауыр жаза болмайтынын түсініп, жақындарына күш қолдануды жалғастыра береді. Комиссияда оның төрағасы Н.Қалиев хабарламашыларға қайталанып жасалатын тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмау, алдын алу үшін жергілікті атқарушы орган учаскелік полиция инспекторларымен жұмысты жандандыруды тапсырды. Комиссия мүшесі Б.Хасенова бірлескен рейдтерді күшейтіп, зардап шегуші нәзік жандылар бірден сотқа шаппай, әкіміне барып көмек сұрауды дағдыға айналдырса деген ұсынысын жеткізді. Жалпы, әлемнің көптеген елін алаңдатып отырған түйткілді мәселемен қоғам болып күресудің маңызыдылығы зор.

А.Шакупова   

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT