Зорлық зомбылыққа жол жоқ

(0 Votes)

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, елімізде жыл сайын отбасынан жапа шеккен 500-ге жуық әйел тұрмыстық зорлық-зомбылықтан көз жұмады екен.

Тіпті, аудан бойынша, мұндай 400-ге жуық отбасы профилактикалық есепте тұр. Бүгінде әйел затының құқығы тапталып, ерінен не айналасындағы жақын-жуығынан пайда таппағандарға мемлекет қолдан келген көмекті аянбауда.

94f20af0-0a0d-4e39-98bd-01055977b6ea

Оған қарсы өлкеміздің түкпір-түкпірінде түрлі шаралар өтіп жатыр. Бұл ретте, Жаңаталап ауылдық округінің мамандары да кенде емес. Осыған сәйкес, Хиуаз ауылының Қоғамдық ғимаратында «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» атты дөңгелек үстел оздырылды. Оған әйелдер кеңесі және көп балалы аналар қатысты.

bf5c4894-43a9-4eff-b3da-0216228caacc

Шараны Жаңаталап ауылдық клубының меңгерушісі , әйелдер кеңесінің төрайымы Жанар Төлегенқызы ашып, кейін округтің бас маманы Менсұлу Лубекқызы ауылдағы атқарылған іс-шараларға тоқталды. Ал, мектеп инспекторы Арай Жексенбайқызы қоғамда белең алып отырған келеңсіздіктің алдын алу мақсатында қандай амалдар жасалу керектігіне атап өтті.

98889df4-2559-41b3-8464-8e21a919f3d5

Сонымен қатар, әлеуметтік педогог Жансұлу Сисеналиева мен мектеп психологы Сауле Захарбаева нәзік жандылармен түрлі тренинг оздырып, ойындар ұйымдастырды. Жиын соңында әсем ән шырқалып, әсерлі өткен кездесуден қатысушылар жақсы көңіл-күймен тарқасты.

 

Жайдарлым Қайреден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT