Zoom арқылы ата-аналар жиналысы өтті

(0 Votes)

М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебі бойынша бастауыш 1-2 қазақ/орыс сыныптары бойынша zoom бағдарламасы арқылы ата-аналар конференциясы өтті.

Жиналысты мектеп директоры М.Ғилаев ұйымдастырды.Бұл топқа 125 ата-ана қатысып, түрлі сұрақтарға жауап алды. Мектеп басшылары қашықтықтан оқыту,тапсырмалар беру,кері байланысты ұйымдастырудың түрлі тәсілдерін түсіндірді.
Көптеген ата-аналар,оның ішінде дәрігерлер жұмыста отырып-ақ конфереция қатысушысы болды.

Үйде бала күтуші болып отырған ата-аналар да түгелге жуық қамтылды. Қиыншылықтары болғанымен пайдалы жақтары осы жерде көрінді.

Ата-аналарға түсіністікпен қарағандары үшін алғысымыз шексіз. Отбасымыз,балаларымыз аман болып,бұл пәлекеттен аман шығатынымызға сенеміз.
БІЗ БІРГЕМІЗ! Конференция топтарға бөлініп жалғасуда.

 Алма Хасанова,

Әуезов жалпы орта мектеп директорының орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT