Қойылым Режиссері: Самат Саламатов аса шеберлікпен ой қиялын сахнада ойнау шеберліктері мен кейіпкерлердің шығармашылық еңбегін, мінез құлқын, мезонсценасын айқындай білген.
Басты рөлде “Ғайыпбай” рөлінде өзі ойнаса, әйелі “Арызгүл” рөлінде Жадыра Оңашева. “Апасы” Маржан Тасимова, Ғайыпбайдың достары “Тәнтай” Ринат Абулхайыров, “Жаңабай” Мейрамбек Жалелов, кейіпкерлер Гүлмира Шарапова, Рахат Абылхат және көпшілік массовкада театр әртістері де өздері сомдаған образдарын әдемі алып шықты.
Театр суретшісі: Э.Жәнібекова, реквизитші: А.Сағындықова, костюмерші: А.Калымбекова, дыбыс қоюшы: З.Хасановтардың сахна сырты жұмыстары да сценарий бойынша өнердің элементтері өзара ұйымдастырылғаны көрінеді. Режиссер актерлердің орындау шеберлігі мен күш жігерін кейіпкерлер өмір сүрген тарихи жағдайды дәл, шынайы жеткізіп, бір мақсатқа жұмылдыра білгені айқындалып тұр. Қойылымды тамашалаған басты кейіпкері “Ғайыпбай”(С.Саламатов ) мен әйелі “ Арызгүлдің” (Ж.Оңашева) отбасыдағы жетіспеушілік пен бір бірін түсінбеуінің нәтижесі кейіпкерлерді шиеленіскен оқиғаға әкеп, оғаш мінездері, надандығы, аңқаулығы әжуа күлкімен берілсе, басты кейіпкердің өз орнын табалмай, адамдармен ұғыса алмай, ауыр трагедиялық жағдаға ұшырайды. Көпшілік актерлердің аса шеберлікпен орындаған әзіл оспағына күле отырып комедияны, қақтығыс шиеленісіп, қазаға ұшыраумен аяқталған трагедияны да көре білгендерін айтып, ризашылықтарын білдірді.