Зираттың ішінде түйе жүр

(0 Votes)

Қандай адам болмасын, өзінің өмірден өткен ата-бабаларын қадірлейді. Өйткені ол кісілер болмаса біз бұлай жер басып жүрмес едік.

Бақытты болашағымыз, туған жерінің дамып, өркендеуі, жас ұрпақ ештеңеден таршылық көрмеуі үшін сол адамдар таңертеңнен кешке дейін бел жазбай еңбек етті. Аштық, жалаңаштық көріп, майданда қан кешті. Енді, мәңгілік тыныштық тауып әр төбеде жатыр. «Бізде сіздей болғанбыз, Сізде біздей боласыз», дегендей, ерте ме, кеш пе бәріміз де мына жалғаннан бақиға аттанамыз. Сол себепті өліге құрмет, ол өмірге құрмет!

Менің айтқым келгені Теңіз ауылында бірнеше зираттар бар. Солар қоршаусыз қалып отыр. Жел тұрса болғаны барлық қоқыстың бәрі сонда жиналады. Ауыл әкімінің пәрменімен ақылы қоғамдық қызметтің адамдары жинайтынын естиміз, бірақ айналасы ашық жатқан соң одан пайда шамалы. Ол аз десеңіздер ауылдың бүкіл малы сол зираттарға барып сүйкеніп, бүлдіріп жатады. Күні кеше ғана ортасында түйе жүр. Төрт аяқты хайуанға санасы болмағаны үшін ренжи алмайсың. Иелері оларды бақпайды, өріске шығарып жіберумен шектеледі. Жайылымда қазір шөп жоқ, содан кейін мал ауыл ішіне кірмей қайда кетсін?!

mola

Сондықтан ауыл ішіндегі зираттарды түгел қоршаған дұрыс. Мұны әкімдік арқылы қаржы бөліп немесе ізгі ниетті кәсіпкерлердің демеушілігімен ұйымдастыруға болатын шығар. Қазір аудан көлемінде жол құрылысы басқа да жұмыстар жүріп жатыр. «Бекет Сәт Жол» ЖШС сияқты мердігер мекемеден көмек сұраса, бас тартады деп ойламаймын. Басқа да кәсіпкерлер бар. «Мал жиыннан, ақша тиыннан өседі», дегендей кәсіпкерлер мен ауыл тұрғындары шамалы қаражаттан жинаса да қоршауға қажетті ақша шығады деп ойлаймын. Сауапты жұмыс емес пе? Тек ұйымдастыра білсек болғаны. Осыны билік басында жүрген азаматтар мен кәсіпкерлер қаперге алса деймін.

Василий Латышев, Құрманғазы ауылы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT