ӨЗІҢЕ ҚОЛ ЖҰМСАУ ТЫҒЫРЫҚТАН ШЫҒАРМАЙДЫ

(0 Votes)

Адам баласына өмір бір рет беріледі. Өмір қиындықтарсыз болмайды. Оған төтеп берсең, жеңе білсең ғана бақытты ғұмыр кешесің.

Өкінішке орай кейбір адамдар сәл қиындық кездессе сағы сынып, өмірмен қоштасып жатады. Оның алдын алу мақсатында аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімде «Өзіне-өзі қол жұмсауға жол бермеу» тақырыбымен сабақ ұйымдастырылды. Шараға аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция бөлімшесінің бастығы, полиция капитаны Т.Исаев және криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты Ж.Қисамеденов қатысты. Өзіне-өзі қол жұмсауға жол бермеу, салауатты өмір салтын насихаттау, маскүнемдікті, есірткі және улы заттарды пайдалануды ескерту бойынша жеке құраммен жүргізілген сабақты бөлім бастығының міндетін уақытша атқарушы, капитан Е.Ізғалиев ашты.

index

Бөлімде осы сұрақтарға жауапты қызметкер А.Шәріпов жыл басынан бері Атырау облыстық ҚІЖД-тен келген хаттарға байланысты осы бағытта атқарылған жұмыстар туралы есепті хабарлама жасады. Сондай-ақ отырыста Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің атына Қазақстан Республикасы Бас әскери прокуратурасының әскери орталарда өзіне-өзі қол жұмсауға жол бермеу мақсатымен профилактикалық жұмыстарды ұйымдастыру туралы келіп түскен ұсыныстары бойынша өткен жылмен салыстырғандағы көрсеткіштерге талдау жасалынды. БАҚ беттерінде осы бағытта шығып жатырған мақалалар жеке құрамға жеткізіліп отыратындығы айтылды. «Армияда қылмысқа орын жоқ» бағдарламасы бойынша аудандық әскерге шақыру комиссиясының құрамына мемлекеттік емес ұйым өкілдерінен «Ауған соғысы ардагерлерінің қоғамдық кеңесі» төрағасы қатысып отыратындығы, күзгі шақырылымға осы лауазымды тұлғаларды қайтадан шақыру қолға алынып жатырғандығы баяндалды. Қатысып отырған полиция қызметкерлеріне сұрақтар қойылды.

Қойылған сұрақтарға жауап берген аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты Айбек Қисамеденов суицид туралы түсіндіріп, уытқұмарлықты анықтау мақсатында ауданымызда «Өрмек», «Көкнәр» айлықтары өткізілгеніне тоқталып өтті. Ауданымызда кримогендік ахуал тұрақты екенін жеткізді. Жергілікті полиция бөлімшесінің бастығы, полиция капитаны Талғат Исаев өз кезегінде есірткі заттарымен ұсталған адамдарға жүргізілетін медициналық тексерулер жөнінде әңгімеледі. Құрманғазы аудандық қорғаныс бөлімі бастығының міндетін уақытша атқарушы, капитан Е.Ізғалиев суицид аурудың бір түрі екенін, шамамен 1997-1998 жылдары Индер ауданында орын алып, біраз өлім тіркелгенін, қазіргі күнде ондай жағдай болып тұратынын айтып өтті.

А.Шәріпов,

ҚІЖБ-нің қызметкері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT