Аудандық орталықтандырылған кітапханалар желісінің ұйымдастырумен жерлес ақын Қалампыр Кенжеғалиқызының оқырмандарымен кездесу шарасы өткізілді.
Оған арнайы шақырылған қонақтар мен ақынның жақындары қатысты.
Сыр-сұхбат форматында өткен жиында Қалампыр Кенжеғалиқызының өмірбаяны туралы бейнеролик көрсетіліп, сұрақтар легі бойынша қаламгердің балалық шағы, отбасы, ұстаздары, бастан кешкен қызықты оқиғасы, шығармашылығы туралы айтылды. Сонымен қатар, С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйінің әншілері Ерасыл Самигуллаев, Ермек Айсын, Сағынғали Ерболатовтың әсем әндерімен жалғасты.
Ал, Елдос Нұржанұлы, Айжанар Нұрлыбекқызы мен Әйгерім Жанболатқызы ақын өлеңдерін қалың көрерменге тебірене оқып берді.
Шара барысында, Қалампыр Кенжеғалиқызы өзінің биыл жарық көрген киізден жасалатын бұйымдар туралы «Дәстүрлі өнер және тұрмыстық бұйымдар» атты кітабын орталық кітапхана қорына табыстады. Оған қоса, оның ұстазы мен жақын-жуықтары, әріптес-достары қолынан қалам түспейтін Қаламқас апаймен өткен естеліктерімен бөлісті. Кейін Құрманғазы ауылдық округінің аналар кеңесінің төрайымы Гаухария Кінаманқызы мен аудандық кітапхана басшысы Анар Нуриқызы сөз алып, қаламгерге көкейдегі тәтті тілектерін айтып, естелік сыйлықтарын табыстады.
Жайдарлым Қайреден