«Жыр мен жастар» атты әдеби кеш өтті

(0 Votes)

Теңіз ауылдық кітапханасының меңгерушісі Мейрамгүл Болатбекқызының ұйымдастыруымен «KITAP Time – 2025» республикалық фестивалі аясында «Жыр мен жастар» атты әдеби кеш өткізілді. Шараға Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ауданның құрметті азаматы, ақын, ардагер ұстаз Нұрлығайын Нұғманұлы арнайы қонақ болды.

Әдеби кештің мақсаты – жастарды ақын шығармашылығымен таныстыру, оларды өнегелі ой-пікірлерге жетелеу. Шара барысында қонаққа жастар сауал қойып, оның шығармашылық жолы, әдебиеттегі орны және өмірлік тәжірибесі жөнінде мазмұнды әңгіме өрбіді. Кеште жастар ақын өлеңдерін оқып, туған жер әдебиетіне деген құрметтерін көрсетті.

Сонымен қатар мектеп кітапханашысы Назгүл Қабылқызы «Жергілікті әдебиет – туған өлке айнасы» атты кітап көрмесін өзі таныстырды.

Жиын соңында мектеп директоры Г.Нұрлығайынқызы, ауыл ақсақалдары мен қоғам өкілдері сөз сөйлеп, ақынға алғыстарын білдірді.

Ақбота Жалғауова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT