Жыр болған жолдың жайы тағы да талқыланды

(0 Votes)

Құрманғазы ауданында қоғамдық кеңестің кезекті отырысы болып өтті. Жиынды кеңес төрағасы Талғат Жаудин ашып, күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырды, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Отырысқа аудандық қоғамдық кеңес мүшелері, дербес бөлім басшылары, «Атырау-Астрахань» тасжолының құрылысына жауапты мердігер мекеме өкілдері қатысты. Бірінші мәселе бойынша, «Атырау - Астрахань» жол құрылысы жұмыстарына жауапты мердігер компания «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ, «СинеМидасСтрой» өкілдері хабарлама жасады. Жауапты мердігер мекеме өкілдерінің мәліметіне сай, қазіргі уақытта республикалық маңызы бар «Атырау-Астрахань» автомобиль жолының 753-833 шақырым аралығында қайта жаңғырту жөндеу жұмысы жүріп жатыр. Құрманғазы ауданының 9 разъездінен аудан шекарасына дейін 11 шақырым жол уақытша айналма жолы, қазіргі кезде қозғалысқа беріліп отыр. Бүгінгі күнгі 3 шақырым жолды жол жабынының төменгі қабатымен ашып жатыр, ал қалған 8 шақырымы тамыз айының аяғында жол қозғалысына беріледі деп жоспарланып отыр.

Аудан басшысы Абат Сайфоллаұлы «СинеМидасСтрой» компания өкілдеріне қазіргі таңда аудан тұрғындарының, жолаушылардың жол қатынасына аптап ыстықта қиындық туғызып отырған айналма жолға су шашу мәселесін ұйымдастыруды міндеттеді. Бұл ретте, жоба бойынша «Қазсушар» мекемесімен келісілген аумақтан водовоз көлігімен су алынып, айналма жолға тәулігіне жиі су шашылсын деген ұсыныс айтылды. Қазіргі кезде, мердігер мекеме өкілінің айтуынша, жалпы айналма жолдарға 8 водовоз көлігі, ал, Құрманғазы ауданына қарасты айналма жолға 3 водовоз бөлінген.

Бұдан өзге де республикалық маңызы бар жол құрылысының ауданға қатысты аумағында тапсырылатын бөліктерінде автотұрақ, сызылған жол жолақтары, жарық қондыру, аяқталған аумақтағы көпірлер астын үйінді топырақтан тазарту, Кадырка елді мекеніне қарасты жолдағы жаяу жүргіншілер жолағын жарықтандыру мәселелері бойынша аудан басшысы, қоғамдық кеңес төрағасы тарапынан бірнеше ұсыныстар айтылды.

Техникалық қадағалаушыға жолдың басында қайта жаңғырту жұмыстарымен қатар, осы жұмыстарды қадағалауы туралы тапсырма берілу қажеттігі ескертілді. Кеңес отырысының келесі мәселесі бойынша , атап айтқанда, Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына аудан әкімі аппаратының басшысы Қайрат Булеков талдау жасап, ақпарат берді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT