Жаңаталап ауылдық округінің мәслихат депутаты Әнуарбек Сәбитов ауыл тұрғындарымен жеке қабылдау өткізген кезде қабылдауында болғанмын. Тұрмыстық жағдайымды айтып, осы уақытқа дейін газ желісін жеке тұрғын үйіме жүргізе алмай жүргенімді, көмек көрсетуін сұрадым.
Сабақты ине сәтімен дегендей, сол берген уәдесіне тұрып, ауа-райы салқындамай тұрғанда демеуші жеке кәсіпкерлер тауып, газ құбырының тұрбаларын, қажетті заттарын әкеліп, газ желісін жүргізуге ақшалай көмек көрсетті.
Біреудің мұң - мұқтажын өтеу оны басына түскен уақытша қиындықтан құтқарып, жағдайын жеңілдету.
Ойлаған адамға бұдан асқан бақыт, бұдан басқа ләззат бар ма?
Расында, адамның ең жақсысы- басқаларға пайдалы болғаны, ал амалдардың ішіндегі Аллаға ең сүйіктісі адамдардың жүрегінде қуаныш сыйлау".
'Жақсының жақсылығын айт- нұры тасысын" дегендей, мәслихат депутаты Ануарбек балама, жеке кәсіпкер, жанашыр достары Рафиқов Ренат Амантайұлы, Талапов Азамат Талапұлына ризашылығымды білдіремін.
Осындай еңбектің арқасында абырой қызметтеріңіз өсе берсін, қолға алған игі істеріңіз алға жылжып, халықтың игілігіне жұмсалатын берсін.Халықтың алғысына бөленге, алғыспен ғана есімдерін атала берсін деп аналық жүрегімнен ыстық ықыласымды білдіремін.


С.Ниғметова, Жаңаталап ауылдық округ тұрғыны, зейнеткер


