Жылдық жұмысын қорытындылады

(2 Votes)

Бүгінде Аналар кеңесі қазақстандық патриотизмді, толеранттылықты және этносаралық келісімді, ұрпақтар сабақтастығын, ұлттық дәстүрлер мен отбасылық құндылықтарды нығайту және сақтауға өзіндік үлесін қосып келеді.

Шынымен де, үй мен түздің тізгінін тең ұстап, қазанын қайнатып, баласын ойната жүріп, еңбектің бел ортасынан табылатын әйелдердің тындырымды іс-әрекеттері көпке үлгі болып отыр.

 С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде «Ана тәрбиесінің негізі – ұлттық құндылықтарға құрмет» тақырыбында өткен семинар-кеңесте әйелдердің еңбекқорлығы, қоғамдағы жаңашыл қадамдары, ұрпақ тәрбиесіндегі алар орны жайлы кеңінен сөз қозғалды. Алдымен аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Зияда Жоламанова шараға сәттілік тілеп, облыстық ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ басшысының және өзінің алғыс хатымен кеңес мүшелерін, белсенді мектеп директорларын, мәдениет үйінің әдіскерлерін марапаттады. Аудандық аналар кеңесінің төрайымы Балғаным Хасенова жылдық жұмысын қорытындылап, кеңестің әлеуметтік картасын Лед экран арқылы көпшілік назарына ұсынды.

analar7

analar6

   – 13 ауылдық округте 90 жастан асқан 39 ана тұрады. 16 ауылда жалғызбасты жасы ұлғайған 54 ана бар. Өкінішке қарай, 6 ауылдық округте 10 жанұя  қолайсыз отбасы есебіне алынған. Қарттар үйінде 1 ана тұрады.  Кеңес құрамында 126 қазақ, 6 орыс, 1 беларус, 1 қалмақ, 1 татар, 2 неміс ұлтының өкілдері бар. Ол құрылған күннен бастап, ажырасудың алдын алу, отбасындағы ұрпақ тәрбиесi, жасөспiрiмдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылық сынды өзектi мәселелер төңiрегiнде iс-шара ұйымдастырып, бірқатар ауқымды бастамаларды қолға алды. Сондай-ақ, гендерлік саясатты іске асыру бағытындағы әйелдердің бизнесте алар орнын сөз ететін шаралар жиі өткізіледі. Жастардың патриот болып өсуіне, қоғам тірлігі үшін материалдық өндіріс саласында еңбек етуге даяр болуын үнемі жетілдіруге жұмыс жасап келеміз.  Бүгінде аналарымыз елімізде болып жатқан барлық жағымды жаңалықтарға, қоғамдағы өміршең өзгерістерге, идеялық-саяси, әлеуметтік-мәдени жұмыстарға, мемлекетіміздің бүкіл тыныс-тіршілігіне белсене араласып отырғандығы көңіл қуантады. Елдегі пандемиялық ахуалға орай түрлі акцияларға, челлендждерге белсене атсалысты, - деген кеңес төрайымы белсенді аналарға түрлі марапаттар табыстады. Ары қарай семинар-кеңес «Төркіндеу – салт-дәстүрдің жарасымды көрінісі» атты шарамен жалғасын тапты. Кеш кейіпкері ұлағатты ұстаз, ардақты ана Нұрлыгүл Ізтелеуова қазақтың ата дәстүрімен туған жеріне төркіндеп келді. Жүргізуші Гүлбақыт Ермұратова шараны сыр-сұхбат түрінде жүргізді.

analar5

 

А.Шакупова   

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521