С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйінде «Жастар тайм-2025» жастар сыйлығының марапаттау шарасы өтті.
Салтанатты шарада аудан әкімі Абат Жанғалиев жыл қорытындысымен үздік шыққан жастарды құттықтап, алдағы жылы да жетістіктер тілеп, Мадина Василийге «Үздік жас мемлекеттік қызметкер», Нұржан Садыховқа «Үздік жас полиция», Мұратбек Талапқалиевке «Үздік жас өрт сөндіруші», Абылайхан Сахановқа «Үздік жас шекарашы», Нұрлыбек Мәжитовке «Үздік жас теміржолшы», Гүлжан Шайдоллаға «Үздік жас мейірбике», Ерхан Бахтыгереевке «Үздік жас фельдшер» аталымдарын табыс етті.

Аудандық мәслихаттың төрағасы Гүлжаннат Қалиева – Аманжан Халиков «Үздік жас мәдениет қызметкері», Нұрхан Мирман «Үздік оқушы», Ернар Ғайниденов «Үздік жас ұстаз», Айгерім Күнтудаева «Үздік жас кітапхана қызметкері», Алтын Сәрсенова «Үздік жас балабақша қызметкері», Ақназар Теміржановты «Үздік жас қолөнер шебері» аталымдарымен ұлығылады. Атырау облыстық «Жастар рухы» ЖҚ төрағасының орынбасары Алина Асылбекқызы, облыстық жастар ресурстық орталығының басшысы Еркебұлан Ғинаятұлы, аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Нұрлыбек Батуов марапаттар легін жалғастырып Бабек Қайыржанов, Алмагүл Ажыханова «Ауданның қозғаушы күші», Дархан Ирғазиева, Мархат Ғұмарова, Гүлназ Жанболатова «Жастар ісіне қосқан үлесі үшін», Жақсылық Қапенов «Үздік атбегі», Ақтолқын Телеуова «Үздік жас кәсіпкер», Қанат Бақтияр «Үздік студент», Әли Жамалиден «Үздік жас спортшы», «TENIZ JASTARY» жайдарман командасы «Үздік жайдарман тобы», РТС футбол командасы «Үздік футбол командасы», Мерей Қуанғалиев «Үздік көлік жөндеу орталығы», Бақтияр Вахитов «Алғашқы басшы», «Парасат» оқу орталығы «Үздік оқу орталығы», Азамат Ғазиз «Үздік жас журналист», «Наз» би тобы «Үздік жас өнерпаздар», Ералы Муслим «Үздік жас шабандоз», Арсен Нух «Үздік барбер» аталымдарын, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Ұлан Иманғали «Серпер» газетіне 95 жыл төсбелгісін иеленді. Аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Нұрлыбек Батуов осы орталықтың бір топ мамандарына Алғыс хаттарын табыстады.



Шара барысында аудан өнерпаздары, «TENIZ JASTARY» жайдарман командасы өнер көрсетті.
Қанат ҒҰМАРОВ


