Жыл үздіктері – марапат төрінде

(0 Votes)

«Жыл үздігі-2022» сыйлығымен марапаттау шарасында аудан әкімі Марат Мурзиев барыс жылындағы жеткен жетістіктерді саралап, аудан халқына ақжарма тілегін арнады.

Облыс әкімінің алғыс хатын салада жемісті еңбек етіп жатқан қызметкерлерге, ауданның Құрмет грамотасын өз ісін дөңгелентіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлестерін қосып келетін жеке кәсіпкерлер Еркінбек Халенов, Таурат Рамазанова, Бахтылы Махмудоваға, Дина Нұрпейісова балалар музыка мектебінің мұғалімі Берік Сұлтанмұратовқа ұсынды.

322315839_1570178430117131_2215682269106365576_n

3

Аудандық мәслихат хатшысы Болат Жүгінісов облыстық мәслихат хатшысының алғыс хатын, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сағынжан Рахимов Халық қаһарманы Хиуаз Доспанованың туғанына 100 жыл толуына арналған төсбелгіні табыстады. Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы атағымен ауыл шаруашылығы саласының ардагері,  «Ақжонас» ЖШС  директоры Мұхар Шаяхметов,  құқық қорғау саласының ардагері Әлібек Темірғалиев,  мәдениет саласының ардагері Рысты Елеусізова,  медицина саласының ардагері Еділбай Аюпов, мемлекеттік қызмет саласының ардагерлері Талғат Жаудин, Серік Сисатов, телекоммуникация саласының ардагері Нұрбол Мағазов, «Каспий-Балық» ӨК төрағасы Жұмажан Шакупов ұлығыланды.

322401312_1144299499786046_400206821864175741_n

3

Жылдағы дәстүрге сай 2022 жылы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы бойынша лайықталған әр саланың үздіктері марапатталды. «Үздік білім беру қызметкері» Гүлжанат Қалиева, «Үздік спортшы» Ержан Сұлтанов, «Үздік мәдениет қызметкері» Қайырғали Ерекенов, «Үздік медицина қызметкері» Саида Зұлқашева, «Үздік әлеуметтік сала қызметкері» Жаннат Құзайрова, «Үздік ауыл шаруашылық қызметкері» Тілекқабыл Қарамалаев, «Үздік кәсіпкер» Венера Халидуллаева, «Үздік бәйге ұйымдастырушы» Жақсылық Қапенов, «Үздік депутат» Болат Жүгінісов, «Үздік қаржы саласының қызметкері» Берік Мусағалиев, «Үздік меценат» Ризабек Жаудин, «Үздік коммуналдық саласының қызметкері» Нұрлыбай Мұхамбетов, «Үздік мемлекеттік қызметші» Рабиға Қисамеденова, «Үздік құқық қорғау қызметкері» Асланбек Байбусынов, «Үлгілі отбасы» Көптоғай ауылдық округінің тұрғыны, ауыл шаруашылығы саласының ардагері Өтеген Зинуров, «Үздік ауылдық округ» номинациясы Орлы ауылдық округінің әкімі Жандос Бектемировке табысталды.

322614741_569114364550688_943641305695481590_n

322258741_469180881850870_7005452927732289925_n

Салтанатты шараға қатысушылар С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйі дайындаған концерттік бағдарламаны зор ықыласпен тыңдап, олардың орындау шеберліктеріне тәнті болды.

 

Айнагүл Күнұзаққызы  

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT