«Жыл үздігі» - 2025

(0 Votes)

С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйінде 2025 жылдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы бойынша жыл үздіктерін марапаттауға арналған «Жыл үздігі – 2025» салтанатты шарасы  ұйымдастырылды.

Қалыптасқан дәстүр жалғасын тауып, жыл ішінде  ерен еңбегімен танылғандардың мерейі асқақтады. Марапаттау рәсімін аудан әкімі Абат Жанғалиев бастап, өтіп жатқан жыл ауданымыз үшін сәтті болғанына тоқталып, облыстық мәслихаттың депутаты, аудандық отбасын қолдау орталығының бөлім басшысы, аудандық аналар кеңесінің мүшесі, «Жансая» қыздар клубының жетекшісі Замзәгүл Карсакованы Қазақстан халқы Ассамблеясының алғыс хатымен,  Асланбек Шариповті «Үздік маман» аталымымен, Екатерина Ким, Ботагөз Абдулова, Зоя Жағпарова, Оралбай Азимов, Мұрабек Мұғалім, Нұрболат Қайырмеденов, Әдебиет Ердешов, Забих Дәулетов, Надежда Дәленқызы, Райымбек Хамитов ауданның Құрмет грамотасымен марапаттады. 

Шарада ауданның тыныс-тіршілігіне жыл он екі ай атсалысқан үздіктер 15 аталым бойынша іріктелді. Таңатар Дәрелов – «Үздік жазушы», Серікбол Маштаев – «Үздік мемлекеттік қызметші», «Үздік сот саласының қызметкері» - Гүлшара Таңатарова, «Үздік полиция қызметкері» - Ақылбек Хошаев, «Үздік депутат» – Игорь Абуғалиев, «Үздік білім беру қызметкері» – Тілекші Жанханова, «Үздік медицина қызметкері» –  Динара Ғаділбекова, «Үздік мәдениет қызметкері» –Жазира Сәрсенғалиева, «Үздік спорт саласының қызметкері» –Асылмұрат Төремұратов, «Үздік әлеуметтік сала қызметкері» – Гүлім Ержанова, «Үздік байланыс саласының қызметкері» - Серікбол Хабидатов, «Үздік жыл еріктісі» - Тілекші Аболова, «Үздік энергетика саласының қызметкері» - Жанболат Утеғұлов, «Үздік газ саласының қызметкері» - Мерей Есенғазиев, «Үздік қаржы саласының қызметкері» - Ментай Ибрагимова, «Үздік ауыл шаруашылық қызметкері» - Асылбек Еділбаев, «Үздік кәсіпкер» - Роман Рахимов, «Үздік өлкетанушы» - Жазира Хайрошова, «Үздік коммуналдық сала қызметкері» - Бисенбай Рамазанов, «Үздік БАҚ саласының қызметкері» - Болат Ерғалиев,  «Үздік көлік жүргізуші» - Жарас Айдынәлиев, «Үздік ақылы қоғамдық қызметкері» - Жаңылсын Тулеушова, «Үздік құрылыс саласының қызметкері» - Ербола Қабдрахманов, «Үздік теміржол саласының қызметкері» - Қарлығаш Кабдулова, «Үздік атбегі» - Ильяс Ешмұратов, «Үздік аспазшы» - Айгүл Кушманова, «Үздік дәнекерлеуші» - Бақытжан Қаһарманұлы, «Үздік бастауыш ұйым төрағасы» - Ерболат Шайхымеденов,  «Үздік “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпарациясы қызметкері» - Мейрамгүл Қабдолмажитова, «Үздік спортшы» – Ботагөз Жұмажанова.  

 

  «Үздік ауылдық округ» номинациясы Құрманғазы ауылдық округінің әкімі Абдуррахман Мусаға табысталса, «Жомарт жүрек» аталымы Рысханым Мазломқызына ұсынылды. Марапаттаулар легін аудандық мәслихат төрағасы Гүлжанат Қалиева, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ержан Ғайнетов жалғастырды. 
Айнагүл Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT