«Жыл үздігі-2023» сыйлығы

фото: редакция қорынан
(0 Votes)

С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде «Жыл үздігі-2023» сыйлығы иегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Салатантты шараның бірінші бөлімінде аудан әкімі Абат Жанғалиев жиналғандарды жаңа жылмен құттықтап, ауданның экокомикасы мен мәдениетіне, ұрпақ тәрибиесіне үлес қосқандарды, түрлі салада еңбек жетістігін көрсеткендерді марапаттады.

Еңбек ардагері Ержан Ғайнетовке «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің «Кұрмет белгісі» төсбелгісін, «AS Dental clinic» стомотологиялық клиникасының директоры Айбек Сисенәлиевке облыс әкімінің Алғыс хатын, айтыскер ақын Мүтиғолла Ғаниға, Құрманғазы аргарлы-техникалық колледжінің бас есепшісі Жанар Шәмеденоваға ауданның Құрмет грамотасын табыстады.

Бір топ азаматтарды ауыл шаруашылығы салалық кәсіптік одағының «Елеулі еңбегі үшін» медалімен, ауданның 95 жылдығы мерейтойлық және Махамбеттің 220 жылдығына орай шығарылған «Дауылпаз» төсбелгісімен, өзінің Алғыс хатымен ұлығылады.

Олардың арасында күні кешелері болған оқыс оқиғада суға кеткен адамды құтқарып қалған Әди Бектеміров пен аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері болды. Сонымен қатар, «Үлгілі отбасы» номинациясына Орлы ауылдық округінен Өтешовтер отбасы лайық деп танылып, жүлдені әулеттің отанасы, 82 жастағы «Батыр ана», «Алтын алқа» иегері Шаңтимес әже бастаған үлкен шаңыраққа берілді.

«Үздік ауылдық округ» номинациясы Қиғаш ауылдық округінің әкімі Марина Жүнісова ханымға бұйырды.

Келесі кезекте еңбек ардагерлері Балғаным Хасенова, Сағидолла Кулов, Рифхат Сұлтанияев, Ержан Ғайнетов, Әлібек Темірғалиев, Елдос Бектеміров сахнаға көтеріліп үздік деп танылғандардың есімдерін атады.

 

Алтынсарин атындағы орта мектептің тарих пәні мұғалімі Жаннат Ғилажева «Үздік білім беру қызметкері», С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйінің директоры Жалғас Сағындықов «Үздік мәдениет қызметкері», Алтынсарин атындағы орта мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Әлімғазы Өттеуішов «Үздік спортшы», аудандық аурухананың отоларинголог дәрігері Жекен Изтелеуов «Үздік медицина қызметкері», аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы Сара Сапарова «Үздік әлеуметтік сала қызметкері»,

аудандық мәслихаттың төрағасы Гүлжанат Қалиева «Үздік депутат», аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы Баян Олжабаева «Үздік қаржы саласының қызметкері», аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы Ерсін Махмутов «Үздік мемлекеттік қызметші», Құрманғазы өндірістік кооперативінің басқарма төрағасы Сабыржан Сұлтанов «Үздік меценат», «Каспий-балық» өндірістік кооперативінің бас инженері Амантай Қайырғалиев «Үздік ауыл шаруашылығы қызметкері»,

«Қиғаш» дүкенінің қожасы Бекес Сәрсенғалиев «Үздік кәсіпкер», аудандық сот әкімшісінің басшысы Салтанат Мусина «Үздік сот жүйесінің қызметкері», аудан прокуратурасының прокуроры Ержан Иманғазиев «Үздік құқық қорғау қызметкері», аудандық полииция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы Серік Габдулов «Үздік полиция қызметкері», «Құрманғазы су арнасы» серіктестігі жоспарлау бөлімінің басшысы Еділбай Тәкешов «Үздік коммуналдық сала қызметкері», «Қазақтелеком» АҚ Құрманғазы желілік-техникалық учаскесінің электромеханигі Бахытжамал Досқалиева «Үздік байланыс саласының қызметкері», «Атырау-жарық» АҚ аудандық бөлімшесінің жедел әрекет ету бригадасының электромонтері Қуаныш Зайнеденов «Үздік энергетика саласының қызметкері» атақтарын иеленіп құрметке бөленді.

Шара соңында аудандық мәслихат төрағасы Гүжанат Қалиева өзінің алғыс хатымен мемлекеттік қызмет саласындағы озаттарды ұлығылады. Марапат иегерлерінің құрметіне аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары мен жас таланттар ән мен жырдан, биден шашу шашты.

Айбек НӘЖІМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT