С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде жыл сайынғы игі дәстүрге айналған, ауданымыздың өткен тарихы мен бүгінгі келбетін ұштастыратын, әр саланың барша жетістіктерін ұлығылайтын «Жыл үздігі – 2021» марапаттау шарасы өтті.
Алдымен аудан әкімі Марат Мурзиев құттықтау сөз сөйлеп, «ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы» мерекелік медалін бірқатар азаматтардың өңірлеріне қадады. ҚР Премьер-Министрінің шешімімен «Дене шынықтыру және спорт саласындағы үздік маман» номинациясының дипломымен аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Ернар Рахметқалиұлын, ҚР Мәдениет минстрлігінің «Туризм саласының үздігі» төсбелгісімен «аудандық жас туристер бекеті» мекемесінің директоры Алмажи Өтегеновті марапаттады.
Сүйіндік ауылдық округінің тұрғыны Бахтыгерей Сейтхановтың отбасы – «Үлгілі отбасы», «Қараша» шаруа қожалығының жетекшісі Мансия Абулхайрова – «Үздік ауыл шаруашылық қызметкері», Құрманғазы ауданы бойынша мемлекеттік Кірістер басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Насипов – «Үздік қаржы саласының қызметкері», Құрманғазы аудандық мәслихатының VІІ шақырылым депутаты Ерлан Хисметуллин – «Үздік депутат», «Аян-Ай» қонақ үй-кафесінің директоры Таурат Рамазанова – «Үздік кәсіпкер», Құрманғазы ауданының зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығының Кудряшов ауылдық округі бойынша жалғызбасты қарияларды қамтушы әлеуметтік қызметкері Клавдия Шамшеденова – «Үздік әлеуметтік сала қызметкері», «Құрманғазы иман жастары» қайырымдылық қоры – «Үздік қоғам еріктісі», Балқұдық ауылдық ауруханасының аға дәрігері, жалпы тәжірибелі дәрігер Сара Мұқаналиева – «Үздік медицина қызметкері», Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы орта мектебінің мектеп директоры Құралай Ильясова – «Үздік білім беру қызметкері», «Абулхасан» ЖШС директоры Нұрбол Қабдолов – «Үздік меценат», аудандық полиция бөлімі патрульдік полиция қызметінің инспекторы, полиция аға лейтенанты Артем Бекболатов – «Үздік құқық қорғау қызметкері», «Атырау облысы Су Арнасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының Құрманғазы аудандық филиалының басшысы Ерлан Әділханұлы – «Үздік коммуналдық саласының қызметкері», №7 Құрманғазы аудандық өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің аға өрт сөндірушісі, сержант Ерсейіт Бралин – «Үздік спортшы», аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі басшысының орынбасары Айгүл Сейтжанова – «Үздік мемлекеттік қызметші», Байда ауылдық округі – «Үздік ауылдық округ», ауданымыздың айтыскер ақыны, жыршы-термешілердің Халықаралық Одағының мүшесі Нұрбейбіт Нұғыманов –«Үздік мәдениет қызметкері» аталымдарымен марапатталды. Шарада С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері концерттік бағдарламасын ұсынды.
Айнагүл Шакупова