“Жүректен жүрекке” атты инклюзивті шара Бірлік ауылында жоғары деңгейде өтті

(0 Votes)
Бірлік ауылдық округінің жастары ұйымының бастамасымен ерекше күтім қажет ететін балалар мен олардың отбасыларына арналған “Жүректен жүрекке” атты инклюзивті шара ұйымдастырылды. Бұл – мейірім мен қамқорлыққа толы, жүректерді жақындатқан ерекше күн болды.
 
Іс-шараға балалар, ата-аналар мен еріктілер белсенді қатысты. Балалар ән шырқап, би билеп, түрлі ойындарға қатысып, өздерінің өнерлері мен ашық көңіл-күйлерін көрсетті. Шара барысында балғындар шынайы қуаныш пен көтеріңкі көңіл-күйге бөленіп, ата-аналар да перзенттерінің жарқыраған жүзін көріп, толқынысқа бөленді.
 
Ұйымдастырушылар әр баланың және аналардың ерекше еңбегі мен қатысуын бағалап, арнайы номинациялар бойынша дипломдар мен сыйлықтар табыстады. Бұл сый-сияпаттар – жай ғана марапат емес, олардың қоғамдағы орны мен құндылығын мойындаудың бір белгісі болды.
 
“Жүректен жүрекке” шарасы – тек көңіл көтеру емес, әрбір бала мен отбасыға қолдау көрсету, оларды ортаға тарту, қоғамға бейімдеу, өздеріне деген сенімді арттыру мақсатында ұйымдастырылған мағыналы кездесу. Мейірім мен түсіністікке толы бұл кеш ауыл тұрғындарының арасында ерекше әсер қалдырды.
 
Бірлік жастары осындай игі бастамаларды жалғастырып, белсенді жұмыстар атқаруға ниетті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT