Көптоғай ауылдық округ әкімшілігіне ағымдағы жылдың II жартыжылдығына аудандық «Серпер» газетіне жазылу жоспары 180 дана беріліп, күні бүгін жеке тұлғадан 186 дана, заңды тұлғадан 4 дана, барлығы 190 дана басылымға жазылып, жоспар артығымен орындалғандығын қаперге береміз.
Басылымға жазылу кезінде қолдау көрсеткен округке қарасты мекемелер мен ауыл тұрғындарына, демеушілік көрсеткен ауылымыздың жеке кәсіпкері С.Сдыховқа, «Қайседенов» шаруа қожалығының басшысы Х.Наримбаеваға, аудандық «Сұңқар» ЖШС-нің басшысы Н.Құсайновқа және аудандық Құрманғазы жолдары бөлімінің басшысы А.Байменовке алғыс білдіремін.
Ж.Хасанов,
Көптоғай ауылдық округінің әкімі