«ZHAIDARLYM» ЖШС-і бүгінгі таңда Атырау облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы арқылы мемлекеттік тапсырыс шеңберінде мектеп оқушыларын түрлі мәдени үйірмелерге тартып, әртүрлі деңгейдегі шараларға қатысып, жоғарғы көрсеткіштерге жетіп келеді.
Соның ішінде осы серіктестіктің жанынан құрылған ұлттық би үйірмесі 1 жылдан аса жұмыс жасаса да бірнеше мәрте байқау, конкурстардың жүлдегері атанды. Күні кеше қаңтар айында Атырау қаласында өткен «Жұлдызды сәт» республикалық балалар байқауына қатысып, өнер додасында жүлделі І орынды иеленіп, Түркия мемлекетінде өтетін халықаралық сайысқа жолдама алды. Оған дейін Ақтау қаласында ұйымдастырылған «Nurly fest» халықаралық көпжанрлы өнер байқауына қатысып, 2-ші орын иеленген болатын. Балалардың өнерін шыңдап осындай жарыстарға дайындап жүрген жетекшісі Ақырыс Саматқызына ризашылығымыз шексіз.
Әрине, қазіргідей қымбатшылық заманда көп нәрсе қаржыға тіреледі ғой. Жас бишілеріміздің жолсапары, жатын орны, тамағы бар дегендей. Баламыздан бәрі аяусыз дегенмен де оның бәрі отбасылық бюджетке азда болса салмақ түсірері анық. Осы орайда жомарт жанды жеке кәсіпкер Дайнов Ризабек халықаралық байқауға жолдама алған балаларға 400 мың теңге қаражатпен демеушілік жасап, үлкен көмек көрсетіп отыр. Өзгенің жетістігіне қуанып, қол ұшын беруге әзір тұратын осындай азаматтарымыз аман жүрсін. «Берсең балаға бер», деген ғой, ата-аналар атынан Ризабек Өтежанұлына Ораза айында жасаған жақсылығыңыз алдыңыздан шығып, еселеп қайтсын деп тілейміз. Ұлыстың ұлы күні Әз Наурыз сізге мол қуаныш пен ырыс-береке сыйласын! Ел құрметіне бөленіп, аман жүріңіз!
Құрметпен ата-аналар.