Қазіргі әлемге тараған вирус төрткүл дүниені алаңдатып, қатты сынға салуда.
Дәл бүгінгі күні ел-жұрт жұдырықтай жұмылып, осынау дауасыз дертпен бірлесіп күресу үстінде. Осы орайда білім беру ошақтары бойынша білім алушылардың жағдайы жасалып отырса да, ата-ана мен балаға, ұстаздарға бұл қиындық туғызуы сөзсіз. Осындай қиын қыстау кезеңде ауданымыздың жеке кәсіпкерлері аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек қолын созып, демеу болуда.
Атап айтсақ, жеке кәсіпкер Дәурен Жасталапұлы округіміздің тұрғындары, Абай орта мектебінің аз қамтылған бір отбасының балалары Каримов Ерасыл мен Каримов Бейбарысқа Отау ТВ телеарнасын тегін қосып берді. Сондай-ақ, Дәурен Жасталапұлы, Гаухар Сигуатовна және бір топ кәсіпкерлер біріге отырып көрші Орлы селолық округіндегі мүмкіндігі шектеулі, аз қамтылған балаларға тегін ұялы телефондар таратты. Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын демекші, осындай игі бастамаларды қолдайтын жүрегі жомарт, қолы ашық азаматтардың болуы қатты қуантады. Жасаған игі істері мол сауаптан жазылып, өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге болғай.
А.Нұрболатқызы,
Құрманғазы ауылдық округінің бас маманы