Жолдың жайы жанға батады

(0 Votes)

Асан. Облыс әкімі Серік Жамбылұлы Шәпкенов ауданымызға іссапармен келіп, шалғайдағы Азғыр өңірінің тыныс-тіршілігімен танысты.

Алдымен Үштаған ауылындағы құм тоқтату жұмыстарымен танысты. Мұнда І кезең бойынша 4,5 гектар жер учаскесіндегі құм тоқтату жұмыстарының 40 пайызы аяқталған. Оған 19 млн. 900 мың қаржы бөлінген. ІІ кезең бойынша 5 ,5 гектар жер учаскесі белгіленіп, қаржысы 2022-2023 жылдарға жоспарланған. Құм тоқтатудың бірден-бір жолы – сексеуіл отырғызу. Құмға төзімді ағаштың 12 мың данасы қазан-қараша айында Қызылорда облысынан әкелінеді. Жалпы, Үштаған ауылындағы құм көшкінін тоқтату жұмыстары 2023 жылы мамыр айында аяқталады деп күтілуде.

Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектепте аймақ басшысы Асан ауылдық округінің тұрғындарымен жүздесіп, жаңа форматтағы кездесудің мәні мен маңызын түсіндіріп, оның тікелей эфирде әлеуметтік желіде көрсетілетінін қаперге берді. – Ресей елімен шекаралас жатқан 10 мыңнан астам тұрғыны бар шалғайдағы Азғыр өңірінің орны мен ондағы қордаланған мәселелері – менің әркез тікелей назарымда. Сондықтан, бүгінгі күні өздеріңіздің ұсыныс-пікірлеріңізді жинақтап, алдағы жұмыс жоспарымның бір бөлігіне енгізгелі отырмын.

Азғырлықтарды бірінші кезекте алаңдататыны – ауыз су. Тұрғындарға әлі күнге су құбыр арқылы берілмеуде. Қоянды топтық су құбыры арқылы өңірді түгел ауыз сумен қамту үшін 6 ұңғыманы қазуға ЖСҚ жасақталып, мердігер мекеме анықталуда. Қазіргі таңда 1 ұңғыма толық, екіншісі жартылай жұмыс атқарып тұр. Жолдың жайы әрина жанға батады. Бұл енді көптен бері көтеріліп келе жатқан мәселе. Әсіресе, құм басуы тоқтату – басты мақсат. Министр Қайырбек Өскенбаевты ауданға келген екінші сапарында Бөкей ордасынан осы өңірдің жолымен жүргізіп, таныстырдық. Бұл жерге асфальт төсей алмайсың, жұмсақ құм отырып кетеді немесе оның үстін басады. Осыған байланысты министрдің тапсырмасымен облыстық әкімдікте арнайы мамандар бұл мәселемен айналысып, жол салудың жаңа технологиясын зерделеп қарастыруда. Аудан әкімінің тағы бір көтеріп отырған мәселесі – елді мекендерде балаларға арналған спорт алаңдарын салу. Мұны толығымен қолдаймын, еліміздің болашағы саналатын жас ұрпақтың тәрбиесі мен біліміне қатысты қажет нәрседен қаражатты аямауымыз тиіс. Алыс ауылдардағы медицина мәселесі де бізді толғандырады, - дей келе, Серік Жамбылұлы өзімен бірге жауапты сала қызметкерлерімен бірге облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиевті ертіп келгенін, тұрғындардың сұрақтарына жауап беруге әзір екендігін жеткізіп, су мәселесіне қатысты жағдайды қайтадан пысықтады. Аудан әкімі Марат Мурзиев былтырғы жылы Асан ауылында ауылішілік су тарту құбырлары аяқталғанын, одан кейін әкімдік оны балансқа алып, сенімгерлік басқаруға конкурс жариялағанын, күні кеше бір айдың төңірегінде Құрманғазы су арнасына сенімгерлікке берілгенін жеткізді. Мекеме басшысы Ерлан Тәкешов әкімдікпен келісімшарт жасалғанын, қазіргі таңда құжаттарды рәсімдеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын қаперледі. Аймақ басшысы Серік Жамбылұлы тұрғындар суды қашан тұтына алатынын сұрады. «АтырауСуШар» РМК директоры Асыланбек Рысжанов құбырларға қатысты дезинфекциялау, т.б. қосымша жұмыстар жүргізілмегенін ескертіп, мекеме басшылары судың қай уақытта берілетініне нақты жауаптарын айта алмады. Облыс әкімі бұл жұмыс бойынша кесте жасақтап, оны тезірек аяқтап, іске қосылуын қадағалауды аудан әкіміне тапсырды.

asan-okrugi1

Ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сағидолла Алипов жабылып қалған поштаны қайтадан ашу, мобильді байланыс жүйесін жақсартуды ұсыныс етті. Жиынға Үштаған ауылының тұрғындары да қатысып, коммуналдық төлемдерді төлеу оларға қиындық тудырып келітінін, сондықтан интернетпен, амбулаторияны жедел жәрдем көлігімен, дәрігермен қамтамасыз ету, ауылды аббатандыру, балаларға арналған спорт кешенін, ойын алаңдарын ашу жөнінде өтініш-тілектерін білдірді. Бұл ұсыныстарды асандықтар да қайталады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев алдағы уақытта ауданға 7 жедел жәрдем көлігі берілетінін, оның біреуі Асан ауылына бөлінетінін, асандықтардың сұранысы бойынша дәрігер маман жұмысқа енді кіріскелі отырғанын айтып, жағымды жаңалығымен бөлісті. Аудан әкімі Марат Мурзиев спорт кешені бойынша ЖСҚ  дайын екендігінен, алдағы жылға қаржы бөлу жөнінде облысқа бюджеттік өтінім берілетіндігінен,  Жалғызапан елді мекеніне типтік үлгідегі ойын және футбол алаңдары салынатындығынан хабардар етіп, Сүйіндік, Балқұдық, Асан ауылдық округтеріне ауылішілік тас жолдар салуға ЖСҚ жасақталып жатқанын айтты.

a

Облыс басшысы Серік Жамбылұлы құжаттамасы дайын нысандар бірінші кезекте қаржылатындырылатынына тоқталып, спорт кешеніне қаржы міндетті түрде қарастырылатынын жеткізді.  

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT