Жолдаудан туындайтын міндеттер талқыланды

(0 Votes)

Аудандық С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған актив жиналысы өтті.

Оған округ әкімдері, облыстық және аудандық мәслихаттардың депутаттары, дербес бөлімдердің, мемлекеттік мекемелердің, кәсіпорындардың басшылары, ардагерлер, саяси партиялардың, жастар мен қоғамдық орындардың жетекшілері, БАҚ өкілдері қатысты. Жиынды аудан әкімі Қайрат Нұртаев жүргізді.

Аудан әкімі Қайрат Талапұлы баяндама жасап, Жолдауда алға қойылған мiндеттерге кеңiрек тоқталып өтiп, оларды жүзеге асыру мақсатында қатысып отырған орынбасарлары мен дербес бөлім басшыларына тапсырмалар бердi.

img_4809

img_4814

img_4818

Аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Жұмақай Ғұмаров: – Жолдаудың ерекшелігі әрбір салаға қатысты тапсырмалар қаржы ресурстарымен бекітілген. Ел дамуының барлық бағыттары сөз болған. Президент түрлі салаларда жіберген олқылықтарымызды да атап көрсетті. Сонымен қатар алдағы атқарар көлемді жұмыстар, шешілетін келелі мәселелер, айтулы міндеттер айқындалып, болашағымыз белгіленіп отыр. Жаңа аудан әкімі Қайрат Талапұлы Жолдаудан туындайтын міндеттерге, соған сай ауданымызда атқарылатын жұмыстарға кеңінен тоқталды. Мемлекет басшысы ел өмірі үшін маңызды құжатта ауыл шарушалы саласына зор көңіл бөлген. Ауданымыздың экономикасы негізінен мал, егін, балық шаруашылығынан тұрады. Биылғы жылы ауыл шаруашылығын дамытуға 30, қалған үш жылда 90 млрд. теңге бөлу жөнінде Үкіметке тапсырма берілді, - деп соны оңтайлы пайдаланып қалу керектігіне тоқталып, Жолдауда кенжелеу қалып жүрген мәдениет саласына да қамқорлық жасалып отырғанын жеткізді.

Қ.ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT